Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму



Pdf көрінісі
бет40/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

2. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму 
ерекшеліктері
Жоспар:
1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері
2. Нәрестенің зейіннің дамуы
3. Нәресте есі
4. Нәрестенің эмоциялық сезімі
Нәрестенің қимыл-әрекеттері
Бала қимылы өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы 
аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары 
шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында 
бала затты тез ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін 
күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін 
маңызы зор: ұстау - баланың алғашқы мақсатқа бағытталған әрекеті, 
заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болып табылады.
Екінші жарты жылдықта қол қимылдарына байланысты 
әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Бала ұстап алған затын сілкілейді, 
тарсылдатады, лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға 
ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған бірыңғай 
қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» 
әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, 
қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі 
әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды 
қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса 
бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабанды соғады, аузына суы 
бар ыдысты жақындатады.
Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әлі заттық әрекетке айнала алмайды. 
Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен обьектілерімен байланысты, 
мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет 
жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.
Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған 
қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай 
қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала 
адамзаттың заттар әлемін тани бастайды және оларды дұрыс қолдануды 
игере бастайды. Әрекеттердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің 
жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде 
ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?» деген 
қызығушылықтар таныта бастайды.


95
Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық 
ойлаудың алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде 
бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау, содан 
соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала 
көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық 
астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен 
жастықтың барлығын аудара бастайды.
Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене 
бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәрестелік 
кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы туралы ұғымның 
қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет