261
2. Л.С.Выготский өдістемесі. Балаларға топтама сөздер оқылып,
оларды бір сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек,
күрті, шалбар, малақай - киім. Бұл
әдістеме аркылы ұғымдардың
калыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.
3. А.Р.Лурияның «Пиктограмма» өдістемесі. Мақсаты: құралдарды
пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау.
Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен
атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
4. Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» деп аталатын әдістемесі арқылы
балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды.
Әдістеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян-
қасқырдан үлкен, қасқыр - аюдан үлкен. Сонымен кім үлкен? Қоян ба,
аю ма?
5. С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» өдістемесі ерікті есте
сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып
келе жатқан баланың әрбір жаңа сөз сайын есте сақтауы арта береді;
ал медициналық, психологиялық көмек қажет ететін балалардың есте
сақтауы, керісінше, кеми береді.
6. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін
Н.Л.Белопольскаяның әдістемесін қолдануға болады.
Әдістің міндеті
баланың ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін
пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін
орындатады.
7. Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «Өрнекті
диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері үлкеннің нұсқауын
тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетіи белгілі бір тәртіпке бағындыру
іскерлігін анықтау үшін қолданылады.
Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнына
«Сараптық баға» өдісінің қосары мол:
- Тексерілуі тиіс түрлі өлшемдер бір-бірімен өзара байланысты
мәнде
анықталып, оның қорытындысының біртұтас күйде жасалуы
мынадай мәселелерде ұтымдылық танытады:
1. мектепке психологаялық даярлық деңгейін көтеруге байланысты
психологиялық дамьпу шарапарының кешенді бағдарламасын жасауға;
2. мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің
бағдарламасын құруда
негізге алынар тексеру қорытындысының бірыңғайлылығы
тәжірибелік қолданысқа ылайықтылығы.