Бірінші бөлім бойыншақорытынды Осы бөлім қазіргі тіл білімінде модальділік категориясының жағдайымен танысуға мүмкіндік берді. Модальділік термині бір-біріне ұқсас емес, яғни байланысты емес көптеген ғылымдарда қолданылады. Солардың арасында философия, медицина, журналистика, логика, педагогика, этика, заң және тіл білімі бар. Модальділік категориясының бірнеше ғылым саласында көрініс табуын әмбебаптылық деп тануға мүмкіндік бермейді. Осы ғылымдардың әр біреуінде модальділік түрлі анықтамаға ие және ол тек сол ғылымға ғана тән құбылыстарды білдіре алады. Сондықтан да бүгінгі таңда модальділік категориясы түрлі ғылымдарға қатысты өз анықтамаларына ие.
Философиядағы және логикадағы модальділік категориясының анықтамасы осы екі ғылымның тарихи байланысына сәйкес ұқсас болып келеді. Мұндағы модальділік ойлаудың бір формасы-пайымдаумен тығыз байланысты және оның сипаттамасы болып табылады.
Психологияда модальділік сезімдер мен сигналдардың сипаттамасын білдіріп, осының нәтижесінде тактильді, есту, дәм сезу және көру арқылы берілетін модальділіктері бола алады. Психологияда ол негізінен эмоцияның байланысымен түсіндіріледі, өйткені эмоциялар сөйлеу процессінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Тілдік емес модальділіктің тілдік құралдар арқылы берілуі, дәлірек айтсақ модальді модификаторлар (модаль сөздер мен модаль етістіктер) ағылшын және қазақ тілдеріндегі тілдік модальділікті зерттеуге түрткі болып отыр.
Тілдік модальділікті зерттеу барысында предикаттылық, обьективтілік, субьективілік, логикалық модальділік, және эмоциональділік сияқты категориялармен қатар зерттегенде оның жеке дербес статусы бекітіліп отыр.
Осы тарауда көргеніміздей модальділік түрлі тілдік құралдармен және тәсілдермен берілген, сондықтан біз оны функционалды-семантикалық категорияға жатқыза аламыз.
Осы күнге дейін модальділік категориясын шешілмеген лингвистикалық мәселелердің бірі болып қала береді. Осыған арналған көптеген жұмыстарға қарамастан, оның жүзеге асырылуының мәні, табиғаты, белгілері мен ерекшеліктері әлі толық деңгейде зерттеліп болған жоқ.
Әр түрлі жүйелік тілдерде барлық деңгейде жүзеге асырылатын айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасын білдірудің және сөйлеушінің айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасының бағалауын білдіруде модальділікті функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыру заңды болып табылады. Модальділік реальділік/бейреальділік мағыналарымен шектелмейді, оған көптеген мағанарды жатқызуға болады.
Ағылшын тілінде модальділік категориясы қазақ тіліне қарағанда толықрақ зерттелген. Отандық филологияда модальділік тақырыбына арналған көптеген жұмыстарға қарамастан модальділік қатынастардың және модальділік категориясының берілу тәсілдері жүйелі түрде баяндалмаған. Модальділік категориясының аясы мен көлемі анықталмаған.
Модальдіктің субьективті және обьективті мағыналары туралы сұрақ көптеген түрлі жолдармен шешілгеніне қарамастан, модальділікті обьективно-субьективті категория ретінде қарастыру қажет. Модальділік деп біз сөйлем мазмұны мен шындық арасындағы қатынаспен бірге сөйлеушінің сөйлемнің мазмұнына деген бағасын түсінеміз, яғни ол адам ойындағы обьективті мен субьективтінің диалектикалық бірлігін білдіреді.
Лингвистикалық модальділік категориясының мәртебесін зерттеу барысында модальділік категориясының предикаттылық, эмоциональділікпен байланысын және тілдегі коммуникативті функциясын анықтауына әкеліп соқтырды. Зерттеу барысында лингвистикалық модальділіктің предикаттылық категориясына қарағанда кең екендігі, логикалық модальділік пен эмоциональділікмен сәйкес келмесе де, толығымен сөйлемнің коммуникативті функциясымен сәйкес келетіндігі анықталды. Осының негізінде біз тілдік модальділік категориясы өзінің обьективті немесе субьективті классификациясы сүйене айтылымның ақиқатқа және айтылымға қатынасын білдіретін жеке дербес функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыра алдық.
2 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ БЕРІЛУІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Ең алдымен ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің берілуінің классификациясының сұрағына тоқталмас бұрын, тілдік модальділік категориялардың қай тобына жататындығын анықтау қажет. Қазіргі тіл білімінде модальділік категориясы түсінік категориясы ретінде қарастырылады. Ахманова, 1966, Миронова, 1991, семантика-грамматикалық категория (Дидковская, 1991), кең көлемді семантикалық категория (Виноградов, 1975; Колшанский, 1961), синтактикалық категория (Андрианова, 1966; Немец, 1991), коммуникативті-грамматическая (Макарова, 1995), семантика-коммуникативті категория (авыденко, 1988), семантика-прагматикалық категория (Тихая-Тищенко, 1984), Таксономиялық категория (Трунова, 1995). Осы сұрақ жайлы көптеген көзқарастарға қарамастан, соңғы онжылдықта лингвистердің көпшілігі тілдік модальділікті функционалды-семантикалық категория ретінде қарау керек деген пікірмен келіседі. Сонда лингвистикалық модальділік айтылғанның шындыққа қатынасының түрлі түрлерін білдіретін функционалды-семантикалық категория ретінде анықталады [26,303]
Тілдік модальділіктің төрт негізгі берілу тәсілдері бар: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтактикалық. Осы төрт тәсіл жиі комбинацияға түседі де, бірге қолданылады. Егер салыстырылып отырған тілдерде модальділіктің мазмұнды жоспары әмбебеап болса, онда осы тілдерде модальділіктің берілу тәсілдері тілдің мүмкіншіліктеріне қарай анықталады. Яғни ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау керек.
Тілдердің генеологиялық классификациясына келетін болсақ ағылшын және қазақ тілі түрлі тіл семьяларына жатады. Яғни ағылшын және қазақ тілдері бір-біріне туыстас тілдер болып саналмайды, сонымен бірге, егер ағылшын тілі герман тобына, ал соның ішінде батыс герман тілдер тобына жатса, қазақ тілі түркі тілдер, соның ішінде қыпшақ тобына жатады. Ал егер тілдердің типологиялық (морфологиялық) классификациясына келетін болсақ, қазақ тілі агглютинативті типке жатса, ал ағылшын тілі флективті типке жатады. Екі тілдің типологиясы жағынан құрылымы әр түрлі болғандықтан да мұндағы модальділік сияқты кез келген тілге тән категориялардың берілу ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеу қызық болып табылады. Агглютинативті тілдерде грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі. Қазақ тілі агглютинативті тілдерге жататындықтан бұнда аффикстердің әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді де, олар бірінің үстіне бірі жалғана береді. Флективті тілдерде сөздер ішкі флексия мен қатар сыртқы флексия да қолданылады. Сөздердің мағыналары аффиксация тәсілі арқылы жасалады деген сөз. Сонымен бірге тілдерді синтетикалық және аналитикалық тілдер деп бөлеміз. Синтетикалық тілдерде мағынаны беруде аналитикалық тәсіл де қолданыла береді, сонымен бірге аналитикалық тілдерде де синтетикалық тәсіл де қолданылуы әбден мүмкін [82].