Қалау рай. Етістіктің қалау, тілек, арман, өтініш, жалыныш мағыналарында айтылған түрі қалау рай деп аталады.
Осы тарауда морфологиялық рай категориясының функционалды сипаты, яғни оның білдіретін мағыналары қарастырылды. Модальділікті білдіретін тіл құралдары сан алуан және олардың барлығын бірге жинақтап беру модальділік категориясын функционалды-семантикалық өріс ретінде қарастырумен байланысты [125].
Алайда етістікке қатысты субьективті модальдылық мағына тек раймен ғана байланысты емес. Модальдылық мағынаның құрамы өте кең, сондықтан ол рай мағынасына сыймайды. Райдан тыс модальдық мағыналарды білдіретін тілде модальдық мағыналы арнайы көрсеткіштер де бар, олар өзінше бір топ құрайды.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудағанда модальдылық түп нұсқадағы жолдармен, басқа да жолдамен беріледі немесе мүлдем өзінің формальды көрінісін таппайды. Алайда соңғы жағдайда ол мүлдем көрініс таппайды деп санау дұрыс емес. Бұл айтушының шындыққа қатынасы арнайы модальдық көрсеткіш арқылы емес, ал айтылғанның мазмұнымен беріледі. Басқаша сөзбен айтқанда осы сөйлемде модальдылық эксплицидті емес (ашық айтылған), ал имплицидті (жасырын).
Алайда етістікке қатысты субьективті модальдылық мағына тек раймен ғана байланысты емес. Модальдылық мағынаның құрамы өте кең, сондықтан ол рай мағынасына сыймайды. Райдан тыс модальдық мағыналарды білдіретін тілде модальдық мағыналы арнайы көрсеткіштер де бар, олар өзінше бір топ құрайды [125,56].
Модальдылық мағына ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де, грамматикалық және лексикалық жолдармен беріледі.
Етістіктің рай категориясы тұлғаларының әрқайсысы әр түрлі модальдық мағына да береді. Өйткені сөйлемде айтылатын ой бірде обьективті шындықпен бірдей болса, бірде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Соған орай модальдық мағына айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасын не реальді болып, неғайбіл болып көрінеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай яғни неғайбіл райлар болып сараланады, реалды–ашық рай нереальды яғни неғайбіл райлар: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай [85,281].
Етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория деп аталады. Қазақ тілінде төрт түрлі райы бар: ашық рай, бұйрық рай, щарты рай және қалау рай. Осы аталған райлардың қимылдың шындық өмірді білдіру дәрежесі бірдей емес [108,85].
Шартты рай деп қимылдың шындық өмірге қатысын білдірмей, қимыл туралы субьектінің пікірін ғана білдіретін райды атаймыз. Ол қимылдың жасалу-жасалмауына шарт қоятынын білдіреді.
Қазақ тілінде шартты рай деп екінші қимылдың жасалу-жасалмауына шарт болатын қимылды білдіретін етістік аталады.
Шартты райдағы етістік те шындық өмірде болған, шындық өмірге қатысты реальды қимылды білдірмей, сөйлеушінің ойына қатысты қимылды білдіретін болғандықтан, неғайбіл райларға жатады да, шартты модальдылықты білдіреді [109,580].
Ағылшын тілінде шарты рай сөйлеушінің ойында көрініс табатын бейреальды, гипотетикалық іс-қимылды немесе қалыпты білдіреді. Гипотетикалық іс-әрекет қалау, міндеттілік, шарт, ниет-пиғыл, болжал немесе шындыққа қарама-қарсылық ретінде берілуі мүмкін. Осыған орай ғалымдар ағылшын тіліндегі шартты райды өз ішінде бірнеше түрге бөледі [85,285].
Ағылшын тілінде шартты рай ашық райдың Past Indefinite және Past Perfect шақ формалары арқылы беріле алады. Сонымен қатар шартты райto формантының жалғауынсыз тұйық етістігі (инфинитив) және should, would, may,might етістіктерімен және Сould+инфинитив арқылы шартты рай мағынасында жасалады. Ағылшын тілінде шартты рай Subjunctive I және Subjunctive II деп екіге бөлінеді. Subjunctive I басыңқы сабақтас құрмалас сөйлемде қолданылса, ал Subjunctive II бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде қолданылады [94,148].
Ағылшын тілінде гипотетикалық іс-әрекетті білдіретін бір рай: (Subjunctive mood) шартты рай ғана болса, қазақ тілінде екі рай бар. Олар: шартты рай және қалау рай. Егер шартты рай қимылдың жасалу-жасалмауына шарт болатын қимылды білдіретін болса, қалау рай сөйлеушінің қимылды жүзеге асырғысы келетін ниетін,ықыласын ойын білдіретін етістіктің түрі деп аталады.
Шартты рай етістікке -ca, -ce жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады және қазақ тіліндегі шарттыбағыныңқылы құрмалас сөйлем ағылшын тіліндегі Subjunctive II формасына сәйкес келеді. Мысалы: Егер мен сені көрсем, мен саған бұл туралы айтатын едім. If I had seen you, I should have told you about it. If you rang them up tomorrow, they would come.- Егер сіз оған ертең қоңырау шалсаңыз, олар келер еді. Қазақ тілінде кейде сөйлеуші-шы,-ші жалғауларын қосу арқылы өкініш мағынасын білдіргісі келеді. Мысалы: If I had told you about it, you wouldn’t have done it. Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді. Сонымен қатар-шы,-ші жұрнақтары қазақ тілінде қалау, ниет, ықылас және ашу мағыналарын білдіреді. Мысалы: I wish you told me the truth. Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді [94,149].
Қазақ тіліндегі қалау рай ағылшын тіліндегі шартты райының етістіктің I wish/wishedконструкциясына сәйкес келеді, сонымен ол ниет, ықылас және өкініш сезімдерін білдіредді. Мысалы: I wish I was a little girl!-Мен кішкентай болсам ғой! I wish it wasn’t snowing!-Қар жаумаса ғой! Сонымен қатар қазақ тілінде өкініш лексикалық жолменөкінішті сөзі арқылы беріледі. Мысалы: I wish the hotel had been better.-Қонақ үйдің жаман болғаны ғана өкінішті. Ағылшын тілінде өкініш мағынасыI wish/wished конструкциясы арқылы берілсе, қазақ тілінде осы шақта шартты райдың -ca,-ce және екен, игі және өткен шақта ғой арқылы беріледі. Мысалы: I wish I lived in London.-Мен Лондонда тұрсам екен (игі). I wish I were (was) taller.Менің бойым биікрек болса екен.-I wish I had learnt English when I was younger.- Мен ағылшын тілін жас кезімде оқысам ғой [94,151].
Қазақ тілінде шартты рай Шартты Сабақтас Құрмалас сөйлемдерде қолданылады. Ағылшын тілінде шартты рай қолданылатын үш түрлі шартты сөйлем бар. Олар: реальды, аздаған орындалу мүмкіндігі бар реальды және нереальды сөйлемдер бар. Сонымен қатар аралас шартты сөйлемдер қолданылады.
Үш түрлі шартты сөйлемдердің іс-әрекеттің орындалу мумкіндігі сөйлемде қолданылған шақ формаларына тікелей қатысты анықталады.
Қазақ тіліндегі шартты сөйлемдер өзара бөлінбейді және арнаулы атаулары жоқ және іс-әрекеттің орындалу мумкіндігі сөйлемде қолданылған шақ формаларымен байланысты. Мысалы: (I түрі реальды сөйлем) If it doesn’t rain we’ll go to the park.-Егер жаңбыр жаумаса, біз саяжайға барамыз. If I have time, I’ll call you.-Егер менің уақытым болса, мен саған қоңырау шаламын [94,153].
Ағылшын тіліндегідей іс-әрекеттің орындалуы (шындық) ашық райдың көмегімен беріліп тұр.
(II түрі аздаған орындалу мүмкіндігі бар реальды сөйлем) If I had a good job, I could be happy. Егер менің жақсы жұмысым болса, мен бақытты болар едім. If I were (was) you, I would invite him. Егер мен сенің орныңда болсам, мен оны қонаққа шақырар едім [94,157].
Егер ағылшын тілінде іс-әркеттің аздаған орындалу мүмкіндігі had (етістіктің Past Indefinite шағында) және would арқылы беріле, қазақ тілінде ол бағыныңқылы сөйлемде етістікке щартты райдың жаұрнақтары -ca,-ce жалғануы арқылы, және басыңқы сөйлемде есімшенің –ар,-ержұрнақтары және еді формантының қосылуы арқылы жасалады.
(III түрі бейреалды) If I had known about it, I would have visited you.-Егер мен бұл туралы білгенде, мен сені көріп кетер едім. Егер ағылшын тілінде іс-әрекеттің неғайбілділік, шартты мағынасы had known (Past Perfect шағында) және would have visited арқылы берілсе, қазақ тілінде шартты мағына етістікке Past Perfect шағына сәйкес келетін Бұрыңғы өткен шақтың -ған, -кен,-қан, -кен жұрнақтары және бағыныңқы сөйлемде шартты мағынаны білдіру үшін -да,-де жалғану арқылы және басыңқы сөйлемде көсемшенің –ып,-іп,-п және есімшенің–ар,-ер жұрнағы және еді формантының қосылуы арқылы жасалады. Бүл істің орындалу мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді.
Сайып келгенде, біз шартты райдың субективті модальдылық мағынаны білдіруде ағылшын және қазақ тілдерінде бірдей маңызды қызмет атқарады деп айта аламыз.
Шартты рай категориясы екі тілде де бірдей қиын құбылыс болып саналады. Екі тілдегі субьективті модальдылықты білдіретін шартты райды салыстыратын болсақ, ағылшын тіліндегі Subjunctive Mood мағынасы жағынан қазақ тіліндегі шартты райға сәйкес келеді, сонымен қатар қазақ тіліндегі қалау райдың қызметін ағылшын тіліндегі шартты райдың I wish/wished конструкциясы білдіреді. Екі тілде де бірдей шартты рай дау туғызатын, қиын рай болып саналады. Шындық өмірге қатысты қымылдың орындалу мүмкіндігі шақ формаларымен де тікелей байланысты.
Қимылдың аздаған орындалу мүмкіндігі (Past Indefinite шағына сәйкес келетін Жедел өткен шақ ) арқылы берілсе, қимылдың орындалмайтындығы (Past Perfect шағына сәкес келетін Бұрыңғы өткен шақ) арқылы беріледі. Сонымен қатар, айта кететін жайт ағылшын тілінде қазақ тіліндегідей қалау рай сияқты ниет, ықыласты білдіретін арнайы рай жоқ, ағылшын тілінде ондай модальділік шартты райдың құрамындағы әр түрлі конструкциялар арқылы беріледі. Жалпы алғанда екі тілде де бірдей обьективті мағынаны білдіруде шартты рай мағыналары сәйкес келеді.
Алдында айтып кеткендей негізгі екі модальділік түрінен басқа, яғни субьективті және обьективті модальділіктердіен басқа әр түрлі маңызды модальді мағыналар мен модальді реңктер бар. Негізгі модальді мағыналар модаль сөздер жәненегізінен аналитикалық форманттар арқылы берілсе, ал модальді реңктер осыған қоса одағайлар және т.б. сөз таптары арқылы білдірілуі мүмкін.