Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет31/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

To be +Infinitive.
To be +Infinitive модальді мағынаны білдіретін тіркес. Оның мағынасы міндеттілікті білдіретін must, have to, ought to, had to shall және т.б. модаль етістіктеріне ұқсас болып келеді. To be +Infinitive бұйрықты, келісімді, мүмкіндікті және міндетті түрде орындалу керектігін білдіретін істі білдіреді.

    1. Талқылауға жатпайтын екі адам арасында жасалған келісімге негізделген бұйрыты білдіреді. You are to go straight to your room.

    2. Келісім немесе жоспардың бөлігі. We were to meet at the entrance of the theatre at a quarter to eight. Келісім

    3. Міндетті түрде орындалатын іс-әрекет. I went about brooding over my lot, wondering almost hourly what was to become of me.

To have+Infinitive.
To have+Infinitive модальді тіркес жағдайға байланыстыміндеттілікті білдіреді. Оның мағынасы to be obliged to модальді тіркеске ұқсас. To have+Infinitive және to be+Infinitive модаль етістіктері міндеттілікті білдіргендігіне қарамастан, осы екеуінің арасында айырмашылық бар.
As I was there at 5 sharp (жоспардың бөлігі), I had to take a taxi (жағдайдан туған қажеттілік) [131].
Shall.
Shall таза модальді етістік емес. Ол бірде модаль етістігі, бірде көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол сөйлеуші тарапынан сөз беруді, алдын ала ескерту, бұйыру және тыйым салу, қорқыту мағыналарында қолданылады.

      1. Бұйрық. She shall go out today.

      2. Алдын ала ескерту немесе қорқыту. “That’s the last time!” she cried. “You shall never see me again!”

      3. Сөз беру. I shal take you away. I shall marry you.

Will модаль етістігі.
Ол да тек қана модаль етістігінің қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бірге көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол көбінесе сөйлеушінің ниет-пиғылын, қалауын, мақсатын немесе сөйлеушінің табынды тілігін білдіреді.

        1. Қалау, мақсат. I won’t go with you any more [131,96].

Will сонымен бірге сыпайы сұраулы сөйлемдерде қолданылады.
Will you have a cup of tea?

        1. Болашақта орындалатын іске қатысты табандылық.

I will prove you that you were not right.
Well, You mustn’t worry. If you knew as much about life as I do, and about your neighbors, you would not cry. Your girl will be all right [101,97].
Would.
Would модаль етістігі will етістігінің өткен шақ формасы болып саналған. Ол да тілек және табандылық мағынасында қолданылыды, да істің орындалатындығын не орыналмайтындығын білдіреді.
She was going away and would not say where she was going.
I asked him not to bang the door, but he would do it [131,97].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет