Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет28/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

Must етістігі әдетте фактілерге, білімге негізделген және сенімділікпен шекаралас болжамды білдіреді. Must етістігінің перфекті емес инфинитивпен үйлесуі болжамды іс-әрекеттің немесе қалыптың жасалған болжаммен мезгілдес болғанын білдіреді және осындағы болжам осы шаққа да, өткен шаққа да жатады [94].
Мысалы:
1) Your father must be nearly eighty now.
Сіздің әкеңіз қазір сексен жаста болса керек.
2) You must be hungry after your long walk.
Сіздің осындай ұзақ серуеннен кейін қарныңыз аш болса керек.
3) We must have taken a wrong turning.
Біз бұрыс жерден бұрылған сияқтымыз [94,52].
Must етістігі басым сенімділікпен айтылатын болжамды немесе мүмкінділікті білдіру үшін қолданылады. Сөйлеуші айтылған болжамды шынға ұқсас деп таниды. Бұл мағынада Must етістігі evidently, apparently, certainly, most likely, probably сияқты модаль сөздерінің мағыналарына сәйкес келеді.
Болжам мағынасын білдіру үшін Must етістігі төмендегідей жағдайларда қолданылады:

  1. Indefinite Infinitive-пен тіркесу арқылы қолданғанда осы шаққа қатысты болжамды білдіреді. Must бұл жағдайда қазақ тіліне керек деп аударылса, ал мұндағы инфинитив осы шақтағы шартты райда тұрған етістікке -са, -се жұрнақтары жалғануы арқылы аударылады

He must know her address. Ол оның мекен-жайын білсе керек.
He must be in the Library now. Ол қазір кітапханада болса керек.
You must introduce me now”, cried Lord Henry, laughing [100,14].
It must belong to some neighbour’s child in whom Jennie had taken interest, he thought. He would have to go and tease her about this [101,174].
You must let me introduce myself. [101,39].
I must speak, and you must listen. You shall listen. [101,127].
Сөйлеу барысында іс-әрекеттің орындалып жатқандығы туралы болжам айтылып жатқанда Continuous Infinitive must етістігінен кейін қолданылады:
Where is he? - He must be walking in the garden.
Ол қайда?- Ол бақта серуендеп жүрген болар.
Сонымен қатар must етістіктің қарапайым инфинитив формасымен бірге мүмкіндік білдіру мағынасында қолданылады. Әдетте созылыңқы шақ формаларымен қолданылмайды (to be, to think және т.б.).

  1. Өткен шаққа жататын Perfect Infinitive формасымен бірге must болжалдылық мағынасын білдіреді. Осындай жағдайда must етістігі болжалдылықты білдіреді. Қазақ тіліне болса керек, болса тиіс деп аударылады.

They must have forgotten to send us a copy of the telegram with their letter.
Олар хатымен бірге жеделхаттың көшірмесін жіберуге ұмытқан болса керек.
You must certainly send it next year to the Grosvenor [100,4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет