Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазақ,орыс және ағылшын тіл білімінде метафораның берілу ерекшеліктері мен айырмашылықтары алғаш рет салғастырыла қарастырылып, осы тілдердегі стилистикалық деңгейде берілу тәсілдері кешенді түрде зерттелді. Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде кездесетін метафоралар кейбір тілде өзінің стилистикалық бейнелілігін жоғалтуы зерттелді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Т.Драйзердің және Д.Лондонның шығармаларын қазақ және орыс тіліне аудармасының ерекшеліктері мен кемшіліктері қарастырылады, оның белгісі шығармалар орыс тілі арқылы аударылды;
Қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі стилистикалық бейнелілігі бар сөздер өзінің ерекшелігін сирек сақтап қалуы;
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі.
Зерттеу барысында салыстырмалы әдісі көбінен қолданылды.
Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты М.Блэк, В.В.Виноградов, Е.Маккормак, А.Б.Шапиро, Г.В.Гак, Г.В.Колшанский, М.В.Ляпон,. И.В. Арнольд, Н.Д. Арутюнова, М.М. Бахтин, М. Блэк, В.В. Виноградов, М.В. Никитин, В.Н. Вовк, И.В. Толочин, Г.Н. Скляревская, А. Ричардс. т.б. еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу жұмысының қорытындылары мен тұжырымдамаларын салыстырмалы тіл білімінде, теориялық граммтикада және аударма ісінде қолданыла алады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Диссертациялық жұмыстың нәтижелері жоғары оқу орындарында қазақ,орыс және ағылшын тілдерінен арнайы курстар мен лекциялар оқуда және семинар сабақтарын жүргізуде көмекші құрал бола алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен мемелекеттік бірге үйретуге арналған оқулықты құруда пайдалана алады.
Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: Зерттеу барысында құрылымдық-семантикалық талдау, контекстік талдау, салыстырмалы әдіс қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |