Бидай қамырын дайындау технологиясы


Тазалау жəне дайындау жүйелері астықтың сапасын жақсартуға тиіс



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі4,16 Mb.
#44126
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бидай қамырын дайындау технологиясы

Тазалау жəне дайындау жүйелері астықтың сапасын жақсартуға тиіс.

  • Тазалау жəне дайындау жүйелері астықтың сапасын жақсартуға тиіс.
  • Ұнтақтау бөлімінің бірінші жармалау жүйесіне түсетін дəнге қойылатын талаптар: - Ылғалдылығы олардың технологиялық қасиеттеріне қарай, бидай үшін 15,0-16,5%, қара бидай үшін 13,5-15,0% болуы керек; - Барлық қоспалардың мөлшері 0,4%-дан, оның ішінде адамның ден саулығына зияндылары 0,05%-дан аспауы керек, құм, тас болмауы керек; - Дəнді қоспалардың мөлшері 4%-дан аспауы керек; - Сұрыпты ұн тартуға арналған бидай сағызының мөлшері 25%- дан, жай ұн тартуға бидайдікі 20%-дан кем болмауы керек.

Ұнтақтау жайында түсініктеме

  • Диірмендерде дəнді ұнтақтау үшін білікті станоктар қолданылады. Ол екі бөлімнен тұрады. Əр бөлімінде біріне-бірі қарама-қарсы, əртүрлі жылдамдықпен айналып тұратын цилиндрлік біліктер орналасқан. Цилиндрдің үстінде оның ұзын бойына арнаулы станокпен тістер жасалған. Ол тістердің бір жағы жайпақ, екінші жағы өткір бұрыштардан тұрады. Бұл екеуінің арасынан өткірлік бұрыш шығады.
  • Екі білік біріне-бірі қарсы бағытта айналғанда олардың тістері біріменбірі өткір тістері немесе жайдақ бұрыштары арқылы айқасады да, дəнді үгітеді.

Ұнтақталған заттарды жүйелеу.

  • Дəнді ұнтақтау кезінде мөлшері əртүрлі бөлшектер пайда болады. Оларды ірілігіне қарай 2-кестеде көрсетілгендей топтарға бөледі.
  • ІІ ірі жармалау жүйесіне жіберіледі (ж.ж.) 1,8 сым електен өтіп, екінші (1,0) төрт сым електен сырғып түскен заттар ІІ уақ жармалау жүйесіне жіберіледі; (1,0) сым електен өткен заттар (17) төрт капрон елекке түседі. Оның саңылауынан өткен, құрамында уақ жарма, жармашық жəне ұн бар заттар келесі елеуішке, одан əрі (1) сұрыптау жүйесіне түседі; (17) елек қорабынан сырғып түсіп, (13) елекке түскен заттар екіге бөлінеді: сырғып түскені – ірі жарма – елекпен жəне желмен тазалайтын (1) машинаға түседі, саңылауынан өткені-орташа жарма (2) желдеткіші бар елек машинасына түседі. (1) елеуіш-сұрыптауыштың төменгі (25) капрон елегінен сырғып түскен – уақ жарма желмен, елекпен тазалайтын (7) машинаға түседі, ал (25) капронды електің тесігінен өткені – жармашық (дунст) 3 ұнтақтау жүйесіне жіберіледі; (46-49) капрон електен өткендері – ұнды тексеретін елеуішке жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет