Бидайбеков Е


Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының тұжырымдамалық негіздері



бет35/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108
Байланысты:
treatise13514

2.4 Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының тұжырымдамалық негіздері
Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын болашақ мұғалімнің жалпы орта мектепте информатиканың үздіксіз курсын қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары негізінде оқытуға теориялық және практикалық дайындығы, білімді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық сапасын арттыруға, кәсіби өсуге қабілеттілігі мен икемділігі деп түсінеміз.

Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы құрылымында пәндік және метапәндік құраушыларды бөліп көрсетуге болады (2.1-сурет).

Пәндік құзырлылық пәнді оқу барысында пәндік дайындық кезінде қалыптасады, ол информатиканы ғылым ретінде оқуға және практикалық іс-әрекет саласына (алғашқы пәндік білім) бағытталған.

Әдістемелік құзырлылықтың метапәндік құраушыларына:



  • жалпыкәсіби – жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіптік пәндерді оқыту барысында қалыптасады;

  • базалық – әдістемелік курстарды оқыту және курстық жұмыстарды орындау нәтижесінде, оқу және негізгі мектептегі өндірістік практика барысында әдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы;

  • кәсіби-бағытталған – жоғарғы мектепте өндірістік практика барысында пайда болатын әдістемелік құзырлылықты дамыту;

  • оқу-зерттеушілік - информатиканың педагогикалық қосымшалары саласында оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-әрекеттерін жандандыруға бағытталған.

2.1-Сурет. Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы


Қазіргі жағдайда информатика мұғалімінің жалпымәдени құзырлылығы мен тұлғалық әлеуетін (әлеуметтік мәдениетті әдіс) дамыту өзекті мәселе болып отыр, бұл жағдайда оның іс-әрекеті тұлғаға-бағытталған білім беру парадигмасын (тұлғаға-бағытталған әдіс) түсінуге негізделуі қажет [50, 52,58]. Кәсіптік қызметте АКТ-ны практикалық қолдану информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының интегративті құраушысы ретінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылыққа бағытталған [17].

Әдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы мен даму нәтижесі информатика мұғалімінің кәсіптік қызметке дайындығынан көрінеді, оның мазмұнын жобалау, ұйымдастыру және коммуникативтік біліктіліктерінің үш тобы арқылы анықтауға болады [4].

Информатика мұғалімінің жобалау біліктілігі білім беру үдерісін жобалауда көрінеді (білім беру алаңдарын бөлу, олардың кезеңмен іске асыру тәсілдерін негіздеу, білім беру үдерісінің қатысушыларының іс-әрекеттері мазмұны мен түрлерін жоспарлау).

Информатика мұғалімінің ұйымдастыру біліктілігі тобына:



  • мотивациялық біліктілік – оқушылардың информатикаға деген тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру және проблемалық жағдайларды туызып және оларды шешу арқылы жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тәсілдеріне оқыту;

  • ақпараттық-дидактикалық – білім ақпараттық ресурстармен жұмыс істей білу, ақпарат алу және оны білім беру үдерісінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту әдістерін, түрлерін және құралдарын қолдану;

  • дамытушы – әр түрлі оқу пәндерін оқытуда информатиканың әдістерін және АКТ құралдарын меңгеру мен қолдану арқылы танымдық тәуелсіздікке, интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік және жүйелі ойлауды дамыту;

  • кәсіпке бейімдеушілік – еңбек нарығында талап етілетін әртүрлі салада ақпараттық іс-әрекет тәжірибелерін жинақтау;

  • рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау іс-әрекетіне байланысты.

Информатика мұғалімінің коммуникативтік біліктіліктері ақпараттың әр түрлі көздерін пайдалану арқылы танымдық және коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ құралдарымен бірге іс-әрекет ету біліктіліктерінде көрінеді.

Әдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына ие болу информатика мұғалімдерінің информатиканы оқытудың қазіргі заманғы түрлері мен әдістерін меңгерулеріне қажетті алдын ала жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет