Бидайбеков Е


Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары



бет54/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108
Байланысты:
treatise13514

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары
Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспары (1998 ж)
Негізгі мектепте оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді. Оқу үдерісіне енгізілетін жаңа ақпараттық технологиялардан туындайтын әдістемелік өзгерістерді ескере отырып, информатика негіздерін 7, 8, 9-сыныптарда оқу алғаш рет енгізілді.
Негізгі мектептің базистік оқу жоспары




Бiлiм салалары және пәндер

Сыныптар




5

6

7

8

9

сағат

Базалық (инвариантты) бөлігі

І

Тіл және әдебиет

10

9

9

8

8

44

1.

Ана тілі және әдебиеті

6

5

5

4

4

24

2.

Мемлекеттік тіл

Орыс тілі



2

2

2

2

2

10

3.

Шетел тілі

2

2

2

2

2

10

ІІ.

Математика

5

5

6

6

8

30

1.

Математика

5

5

4

4

4

22

2.

Информатика

-

-

2

2

2

6

3.

Сызу

-

-

-

-

2

2

ІІІ.

Жаратылыстану

2

3

6

8

6

25

1.

География

2

1,5

2

2

-

7,5

2.

Биология

-

1,5

2

2

2

7,5

3.

Физика және астрономия

-

-

2

2

2

6

4.

Химия

-

-

-

2

2

4

ІV.

Қоғамтану

2

2

3

3

5

15

1.

Тарих

2

2

3

3

2

12

2.

Қоғам және адам

-

-

-

-

3

3

V.

Өнер

3

3

-

-

-

6

1.

Музыка

1,5

1,5

-

-

-

3

2.

Бейнелеу өнері

1,5

1,5

-

-

-

3

VІ.

Технология

2

2

2

2

2

10

VІІ

Дене тәрбиесі

2

2

2

2

2

10




Инвариантты жоғары шекті оқу жүктемесі

26

26

28

29

31

140

Мектептік (вариативті) бөлігі




Факультативтер

5

5

5

5

5

25




Апталық жоғары шекті оқу жүктемесі

31

31

33

34

36

165


Бағдарлы мектептің базистік оқу жоспары

Білім салалары және пәндер

10 сынып

11 сынып

сағат

Базалық (инвариантты) бөлігі

1.

Тіл және әдебиет

4

4

8

2.

Математика және информатика

3

3

6

3.

Жаратылыстану

4

4

8

4.

Қоғамтану

3

3

6

5.

Өнер

2

2

4

6.

Технология

2

2

4

7.

Дене шынықтыру

2

2

4

8.

Бастапқы әскери дайындық

2

2

4

9.

Инвариантты апталық оқу жүктемесі

22

22

44

Мектептік (вариативті) бөлік

1.

Бағдарлы пәндер

8

8

16

2.

Қолданбалы курстар

4

4

8

3.

Таңдаулы курстар

5

5

10




Вариативті жүктеме

17

17

34




Жоғары шекті апталық оқу жүктемесі

39

39

78

Информатика курсының жаңа базистiк оқу жоспарындағы бапқа көңiл аударайық. Информатиканың базалық курсы-базалық курсқа кіріспе және базалық курс болып шартты түрде екі бөлікке бөлініп қарастырылады.

Базалық курсқа кіріспе бөліміне (7-сынып) дербес компьютерді оқушылардың оқу-танымдық қызметінде еркін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қажетті материалдар кіреді, сондай-ақ ол оқушыларды барлық сабақтарда компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып оқытуға мүмкіндік жасайды. Курс аптасына 2 сағаттан жалпы көлемі 68 сағатқа есептелген.

8-9 сыныптарға арналған базалық курстың негізгі бөлімі оқушылардың ары қарай мамандық таңдауына байланыссыз, логикалық түйіндері бар жалпы білім беруге арналған. Курс 8-9 сыныптарда аптасына 2 сағаттан жалпы көлемі 136 сағатқа есептелген.

Әрбір мамандыққа баулу курсы 10-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттан барлығы 136 сағатқа есептелген.

Бұл 1998 жылғы стандарт пен бағдарламаны Ы.Алтынсарин атындағы қазақ Білім беру академиясы Республикалық баспа кабинеті шығарып және 6000 дана таралыммен республиканың барлық мектептеріне таратты.

Барлық ел мектептерiнiң көптеген бөлiгiнде жаңа оқу жоспарын енгiзу кезеңiнде қалыптасқан бұл курсты нақты оқыту жағдайын бейнелейтiн БОЖ-98 жасауда қабылданған мектеп бiлiм беру құрылымындағы информатика курсының орны туралы шешiм қабылдау елдегi мектептердiң көбiнде жаңа оқу жоспарын енгiзу кезiнде қалыптасқан осы курсты дәрiстеудiң нақты жағдайын көрсеттi. Осы жердегіні ғана қалдырып, алдыңғы жазылғандарды осы жерге қосу керек сияқты.

БОЖ маңызды ерекшелiктерi – практикада информатиканы үздіксіз оқыту идеясын тiзбектей iске асыратын және жалғастыратын мектептер мен облыстар үшiн кедергi келтiрмейтiнi, яғни жалпы бiлiм беретiн мектептерде информатиканы оқытуды келешекте дамытуға қарсы болмайтыны сақталған [23,7]. БОЖ-98 вариативтi бөлiгiндегi факультатив, жекеше және топтық сабақтар өткiзуге бөлiнген қосымша сағаттарды қолдана отырып, сәйкесiнше қамтамасыз ету қоры бар (мамандар, техника, оқу-әдiстемелiк база) мектептер өзiнiң оқу жоспарына информатикадан пропедевтикалық (1-6 сыныптар), базалық курс (7-9 сыныптар) және арнайы курстар (10-11 сыныптар) енгiзуiне болады.

«Математика» бiлiм беру саласына информатика курсының қосылуы БОЖ-98 жекеше пән ретiнде информатиканың өзiндiк айналасында көптеген сауалдар тудыруында болып табылады. Шынымен де, математикаға “қосып жазуды” кездейсоқ фактi ретiнде қарастыруға болмайды, оқушыларға информатикалық бiлiм берудiң [27, 26, 28] және басқалар құрылымы мен ұйымдастыруына белгiлi бiр көзқарастарды қолданушылар көзқарастары негiзiнде, мектеп информатикасының құрылымын дамытуға ықпал ететiн және туатын жаңа көзқарастар информатиканы математикамен интеграциялау (мектеп бiлiм берудiң кейбiр кезеңінде) ақталған және заңды құбылыс, ретiнде қарастыруға болады. Осылармен қатар, мектептiң базистiк оқу жоспарының кезектi түрi «Информатика» бiлiм беру аумағының инвариантты бөлiгiнде “көрсетiледi”, бiрақ оны «Математика» бiлiм беру аумағымен бiр жолға (нүкте арқылы) белгiленiп алынады. Информатика оқу пәнiнiң бүтiндiгi мен бiрлiгiн көпшiлiк жақтаушылар үшiн, бұл оның ақпараттық технологияға бөлiп жiберуi, жағдайы «Технология» бiлiм беру саласындағы мектептер үшiн пайда болған жаңа базистiк оқу жоспарында мақсатқа сәйкес қосып жазу және информатиканың теориялық негiздерi түрiнде түсiнiксiз қалдық. Бұл жағдайда үдерістің басы болып көрiнеді. Осылайша, информатиканың өзiндiк курсы бөлiнiп және жоғалып кетедi. Осыған байланысты жағдайдың мәнiн қысқартпай информатика курсының ақпараттық технология базалық курсының сыртында материалдық (өндiрiстiк) облысында компьютердi практикалық қолдану, яғни оларды басқа «Технология» пәндiк облысына көшiру толық орынды үрдіс, бiздiң ойымызша, кризистiң мәнi болып табылады. Бұған дәлел батыс мектептерi, мысалы, [10]. Бұл жағдайда АТ «Технология» бiлiм беру саласын ғана толықтыруы қажет. АТ әр түрлi пәндiк аймақтарда – математикада, жаратылыстануда, филологияда және т.б. мәселенi шешудегi әдiс болып табылуы информатика бiлiм беру саласының тұтастығына қауiп төндiре алмайды. «Математика» бiлiм беру саласы информатикамен бiрiгуге емес, информатиканың толықтығын, мектеп пәндерi жүйесiндегi жеке даралығын сақтау үшiн бөлiсуге бағытталуы қажет.

2002 жылы Қазақстан Республикасында қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды [30]. «Информатика» курсының пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі – 7-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. «Информатика» курсының оқу жүктемесі негізгі басқышта (7, 8, 9 сыныптар) – оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 102 сағат; жоғары сатыда оқыту бағытына байланысты: қоғамдық-гуманитарлық бағытта – жыл бойына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық бағытта жыл бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат болып бекітілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет