Бидайдыњ біртектілігін аныќтау



бет8/25
Дата21.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#85365
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Бақылау сұрақтары:

  1. Ерітіндінің өткізгіштік коэффициенті және оптикалық тығыздығы қалай өлшенеді ?

  1. ФЭК приборының жұмысын түсіндіріңіз.

  1. Ерітінділердің өткізгіштік қабілеті неге байланысты ?

  2. Ерітінділердің концентрациясы олардың оптикалық қасиеттеріне қалай әсер етеді ?

6 Лабораториялық жұмыс.
СУ-4 приборында поляризация жазықтығының айналу бұрышы бойынша ертіндідегі қанттың концентрациясын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: СУ-4 /универсальный сахариметр/ приборынның құрылысымен танысу және ертіндідегі қанттың крнцентрациясын анықтау.


Құрал-жабдықтар: СУ-4 приборы, химиялық стақандар.
Зерттелетін сұйықтар: Әр түрлі концентрациядағы 1,2,3,4,5,6 % қант ертінділері.
Егер ортаның оптикалық қасиеттері /жарықтық таралу жылдамдығы немесе сыну көрсеткіштері/ түрлі бағытта әр түрлі болса, орта оптикалық анизотроптық деп аталады.
Жарық оптикалық анизотроптық ортаның шетінде сынғанда, табиғи сәуле өзара перпендикуляр жазықтықта поляризацияланған екі сәулеге бөлінеді.
Кейбір оптикалық заттар тербелу жазықтығын сәуле бойымен бұру қасиетіне ие. Тербеліс жазықтығын бұру, айналмалы дисперсиялық қасиеттер тек кристалдық денелерге ғана емес, сонымен қатар сұйық орталарға да мысалы, скипидар, қант ертінділері т.б тән.
Ертінділер үшін айналу бұрышы олардың концентрациясына пропорционалды:
,
мұнда: - әрбір заттың айналу тұрақтысы. Тербеліс жазықтығын сағат тілінің қозғалысы бойынша айналдыратын заттар-солға айналдырушылар немесе теріс деп аталады, ал сағат тілінің қозғалысына қарсы айналдыратындар- оңға айналдырушылар немесе оң деп аталады.
СУ-4 приборының құрылысы мен жұмысы
Прибор өлшеуші басшадан, жарық торабынан тұрады, бұл екеуі траверсамен жалғасқан. Траверсада кювет бөлімі және поляризаторы бар қорапша "оправа" орнатылған.
Өлшеуші тетіктің бет жағында шкалада көрсеткіші бар лупа мен қарау түтікшесі орналасқан. Өлшеуші тетіктің артында нониустың нөлдік бөлігін шкаланың нөлдік бөлігімен дәлдестіретін лупа бар.
Сахариметрдің жұмысы қант ертіндісінің олардан өткен поляризацияланған жарық сәулесінің поляризация жазықтығын айналдыру қасиетіне негізделген.
Жарық сәулесінің поляризация жазықтығының айналу бұрышы ертіндінің концентрациясына пропорцианалды.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1. Нөлді қою үшін.
- кювета қойылмаған кювет бөлімін жабу,

  • нониустың нөлдік бөлігін шкаланың нөлдік бөлігімен дәлдестіру,

- салыстыру алаңының жарықтығын қайта теңестіру керек, бұл кезде шкала мен нониустың нөлдік бөліктері тең келу керек. Дәл келмесе, нониусты кілтпен қозғау керек.

  • нөлдің дәл келуін 6 реттен кем емес тексеру керек.

2.Кюветтерді қою:

  • ертінді құйылған кюветті кювет бөліміне қою,

  • кюветті айналдыра отырып, салыстыру алаңының сызығы көру өрісін тең екі бөлікке бөлетін етіп қою керек.

4.Өлшеу.

  • сына компенсаторының құлағын бұрау арқылы салыстыру алаңының жарықтығын теңестіру.

  • шкала мен нониус бойынша көрсеткішті аз дегенде 6 рет 0,05 градус-ке дейін дәлдікпен алады.

  • салыстыру алаңының жарықтығын қайта теңестіріп, шкала мен нониус бойынша 6 рет көрсеткішті алады.

  • алты рет алынған көрсеткіштің арифметикалық ортасын, яғни ерітіндінің поляризация жазықтығының айналу бұрышын есептейді.

Қанттың ертіндідегі процентін табу үшін шкаладағы градустарды 0,26 коэффициентіне көбейтіп, ертіндінің тығыздығына бөлу керек.
Анықтаудың қорытындылары бойынша поляризация жазықтығының айналу бұрышының ерітінді концентрациясына тәуелділігінің графигі тұрғызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет