Судың активтілігін анықтайтын прибордың сипаттамасы. Судың активтілік көрсеткішін анықтау корпусына микропроцессорлық техника орнатылған приборда жасалынады.
Прибор корпустан және ұштарына температура датчиктері қойылған төрт сымнан тұрады. Бір датчик ылғал термометрдің қызметін атқарады, яғни судың бос буланған кездегі температурасын өлшейді. Үш датчик өнімнің жұқа бөліктерінің (қалыңдығы 2- мм-ден үлкен емес) судың бос буланған кезіндегі температурасын өлшейді.
Прибордың электрондық бөлігінде датчиктердің сигналдары / кедергілерінің өзгеруі/ қосылып , олардың орташа мәні табылады. Өзгерткіш бөлікте датчиктердің сигналдары температуралардың мәніне өзгертіледі, ал есептеуші бөлікте қысым және судың активтілігі есептеледі.
Приборда өлшеу тәртібі. Судың активтілігін өлшеу үшін:
Приборды тоққа қосады.
Ылғал термометрдің қызметін атқаратын датчикке дистилденген суға салынған фильтрлі қағаз кигізеді.
Өнімнің температурасын өлшейтін үш датчикке оларды толық жабатындай етіп, өнімнің жұқа бөліктерін жағады. Ол үшін қысқышты пайдаланады.
Датчиктерге өнімді жаққаннан соң 1-2 мин уақытттан кейін жарық таблодан судың активтілік көрсеткішін жазып алады.
Судың активтілігін араластыру және кептіру кезінде әр 10-15 минут сайын өлшеп отырады.