Биік таулардың жер бедері



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі17,72 Kb.
#20549
1   2   3   4   5
Карпат таулары. Карпат таулары күрделі көлденең жіне ұзыннан орналасқан тау массивтері мен жоталардан тұратын күрделі кулиса тәрізді тізбектерден тұрады.

Орографиясы үшке бөлінеді: Батыс Карпат, Шығыс Карпат (негізгі бөлігін Украиндық Картпат құрайды) ж»не Оңтүстік Карпат. Сонымен қатар Карпат тауларына Батыс РУмын таулары, кең Трансильван үстірті кіреді. Карпаттың биік нүктесі— Герлаховски-Штит (2655 метр), басым биіктіктер 800—1200 м. Трансильван үстірті 600—800метр биіктікте орналасқан.



Карпаттың ішкі доғасын бойлай үстірттер шірінді неогендік шөгінділерден (саздақ, гипс, саз ) құралған. Биік массивтері— Татры, Төменгі Татр, Родна, Фэгэраш, Парынг, Ретезат . Жоталарда плейстоцендік мұздықтардың қалдықтары байқалады. Альпілік бедер Татр мен Фэгэрашта көп кездеседі. Саздақтар мен доломиттердің кең таралуына байланысты Карпатта карстық бедер тараған.

Анд таулары. Оңтүстік Америка материгінің батысында алып Анд таулары орналасқан. Ұзындығы жағынан оған тең келетін тау жоқ, ал биіктігі жағынан тек Азия тауларынан кейін орын алады. Олар материктің ауданын қайталай отырып 9000 км –ге созылып жатыр. Таудың құрылысы өте күрделі: олар бір айырылып, бір қосылған алып жоталардан құралған. Тау жоталары аралығында таулы қыраттар жатыр. Тау шыңдарының көпшілігінің биіктігі 6000 метрден асады, ең биік шыңы – Аконкагуа(6960 м). Тау шыңдары үшкір болып келеді. Мұнда ең биік және сөнген және сөнбеген жанартаулар орналасқан. Сөнбегендері - Льюльяйльяко(6 723 м), Сан-Педро (6 159 м), Котопахи (5897 м). Сөнгендері - Охос-дель-Саладо (6 880 м), Чимборасо (6 310 м). Ең биік шыңдары қар жамылғысымен және мұздықтармен қапталған,тіпті экватор маңына таяу шыңдардағы қарлар жыл бойына ерімейді. Анды альпілік қатпарлығында қалыптасқан. Анд тауының түзіле бастауы Юра дәуіріне сәйкес келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет