Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата29.12.2016
өлшемі30,18 Mb.
#677
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

__________ Ой толқыны (II белім)__________

327

Бижан Ж. К.

Г   салыстырып,  қапысыз  қадағапайды,  ал  жаңа  бағытта  талдау  ^  

жасау шындық қүрылымды анықтайды.  Психологиялық қиындығы 

мол  бүл  үдеріс  те  сөзсіз  ассоциациялау  арқылы  жүзеге  асады. 

Осы  психологияпық  қиындықгар  әртүрлі  баламалар,  әдістер 

және  амалдар  жасауға  ұмтылдырады.  Осындай  үдерістерден 

кейін  бастан  өткен  тәжірибеге  сай  сүрыптап  жазуда  жоғарыда 

айтқанымыздай  логикапық  заңға  сүйену  қажеттігі  туады.  Логика 

заңы  белгілі  бір  идеологиялық,  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге 

қолайлы  жағдай  жасайды.  Бүл  логикалық  жүйе  зауыт  өндірісінің 

шындығын  аудитория  көріп,  танып  отырғандай  деңгейде  көрініс 

табуы қажет.

Ғылым  үдерістердің  диференциациялануы  және  интефа- 

циялануы  негізінде  жаңаланып  отыратындығын  тәжірибе  айшық-

тап  келеді

журналистканы  оқытудағы

амалдарын  зерттеу  тәжірибесінде  де  ғылыми  интеграцияның 

қажеттігі  айқын.  Журналистиканың  эмпирикалық  үдерістерін 

педагогикалықтурғыдапайымдауда «жүйе», «қүрылым», «модель», 

«гипотеза»,  «деңгей»  және  басқа  терминдер  қоладынылады. 

Журналистің  ақпараттық  модельдерді  қүруда  апдымен,  күрделі 

нысандардағы таным жүйесін ойластырып, регке келтіріп алатыны 

теория  және  тәжірибе  жүзінде де  көрініс  табуда.  Жеке  түлғаның 

әлеуметтік  мағынада:  саяси,  экономикалық  қызметтерін  қоғам 

тапабына сай атқаруына журналист гипотезасының, болжамының, 

жалпы эмпирикалық бағамының педагогикалық негізде жүргізілуін 

пайымдаудың мәні зор. Журнализмде журналистердің өзінің, жеке 

түлғаның  ой-өрісін,  ақыл-парасатын  байытуда  педагогикалық 

тәрбиенің  амапдарын  тікелей  қолдану  -   қоғам  сүранысы.  Бүл 

үдеріс  адамға  қоршаған  ортаның  болмысы  мен  шындығы  эсер 

еткенде  көрініс  табады.  Педагогика  ғылымының  тәрбиедегі 

әлеуметтік мәні осы түста көрінеді.

Еңбек  үжымдарында  ынтымақ,  жоғары  енімділік  бастау- 

ларында  журнапистік  қызметтің  орын  алуы  педагогикалық 

тәрбиенің  кең  мағынасын  қажет  етеді.  Журнализм  бүл  түста 

жеке  түлғаны  насихаттау  арқылы  тәрбиенің  мәнін  күшейтеді. 

Сейтіп,  журнализм  өсіп,  енген  жеке  түлғаның  ел  тарихын,  ділін, 

мәдениетін  зерделеп,  қоғамтану  деңгейінің  жетіліп,  әлеуметтік 

тәжірибені  игеруіне  демеу  болады,  қоғамда  езара  тәрбиелеу 

үдерісі  орын  алады.  Жеке  түлғаның дүниетану деңгейі  айтқанды



Ой толқыны (II бөлім)

істеуден  емес,  қоғамдағы  өзгерістерге  паиымды  көзқарас  жасап, 

жалпы  даму  таразысын  салмақтауға,  терең  сезінсе  қоғамдық 

қатынастарға реформа енгізу туралы ой-түйінін дәлелдей алатын 

дәрежеге ие болады. Журналистің де, онымен қарым-қатынастағы 

жеке  тұлғаның  да  рухани  күшін,  қуатын  бағыттап  тұратын 

қозғаушы  күші  -   қоғамдық  тәжірибе.  Оны  сезінген  де  ғана  жеке 

тұлға  қоғамды  демократияландыру  арқылы  мемлекеттік  билікке 

араласуға дейін өседі. Сонда ғана жеке тұлға мемлекеттің басқару 

жүйесін  жетілдіруге,  нарықгық  экономика  әлеуметтік-түрмыстық 

өсімнің  тетігі  болатын  Заңдар  шығаратындай  ауқымды  ой-өріске 

жетеді.  Журнализм  осы  үдерістерді  эмпирикалық  турғыда  көз 

жазбай  салыстырыпгдурыс  қоғамдық пікірді  шоғырландырып,  ол 

бүкіл  аудиторияның  сарабынан  өткенде  қазіргі  қоғам  шындығын 

айқындау жүйесіне жол ашады.

Осы  орайда  айтайын  дегеніміз  бүрынғы  Кеңес  Одағының 

кезінде  жылына  Павлодар  трактор  зауытында  он  мыңдаған 

тапсырыстар  орындалды. 

Зауыт  түтынушылар  сүранысын 

етеу  жолында  өндірісті  дамытудың  барлық  салаларында 

социалистік  жарыстар,  конкурстар  үйымдастыратын.  Өндірісті 

үйымдастырудың  барлық  кезеңдерінде  тәрбиелік  ерекшеліктерді 

айшықтау  мақсатында  БАҚ  журналистері  телерадиоларда  пікір 

алысу  хабарларын,  жүмыс  орындарынан  тікелей  репортаждар, 

ток-шоу,  тікелей  эфир  үйымдастырып,  газеттерге  материалдар 

жазып,  кәсіпорынның  жүмыс  қорытындыларына  талдау,  шолу 

жасады.  Он  жеті  мыңнан  астам  адам  жүмыс  істейтін  облыстағы 

тек бір ғана осы кепүлтты еңбек үжымының ынтымақ, өзаракөмек, 

мәдениеттіңөзара ықпалы, отбасылықүлгі-өнеге жайында шынайы 

усыныстар  мен  қол жеткен табыстарын  насихаттау  арқылы түтас 

үлтаралық  өнегені  қалыптастырып,  Бүкілодақгық  республикалық 

және  облыстық бүқаралық ақпарат  қүралдарының  қызметкерлері 

жеке түлғаның дамуына елеулі үлес қосты.

В.А.  Сухомлинский:  «Үжымдағы  еңбек -  адамның бойындағы 

табиғи  байлық  арқылы  реттеледі,  осы  байлық  адамды  тәртіпке 

үмтылдырады»,  -   [21,15]  деген.  Зауыт  үжымында  сол  кезде 

бүкіл  адамзаттық  қундылықтарға  лайықты  Социалистік  Еңбек 

Ерлері,  ордендер  мен  медальдердің,  Кеңес  Одағы  Мемлекеттік, 

Қазақ  ССР-ы  Мемлекеттік  сыйлықгарының  иегерлері,  Жоғары 

Кеңестердің  депутаттары, 

Коммунистік  партия  съездерінің


Бижан Ж. К.

делегаттары,  барлық  деңгейдегі  партия  комитеттері  мен  атқару 

комитеттерінің  бірінші  басшылары,  қүрметті  азаматтар  өсіп, 

тәрбиеленді.

Қазіргі  толассыз  өзгерістер  дөуірінде  журналист  те  кәсіби 

күрделі  кедергілерге  кезігеді.  Мұндайда  ол  өзінің  ой-өрісінің 

жоғары деңгейінде жеке тұлғаның өсуіне ықпап ету әрекеттерінде, 

тәсілдерінде  және  амалдарында  жалпы  адамзат  қүндылығына 

сүйенеді.  Қай  дәуірде  болсын  жалпы  азаматтықты,  жақсылықты 

қорғау  -   азамат,  журналист  парызы.  Ал  қоғамдық  қатынаста 

қоғамдық  идеал деген  бар.  Бірақ,  бұл  идеал -  тарихи  категория. 

Атаулы  категория  ел  дамуын,  мемлекеттілігімізді  сәйкестендіру 

бағытында  қарастырылса  біліктілік,  жоғары  мәдениет  тәрбие 

төрінен орын алады [22, 23].

Журналист  ұстанымдары,  әрине,  өзі  өмір  сүретін  қоғамдағы 

мемлекеттің  саясатына  сай  болуы  тиіс.  Дегенмен,  әлемде  туып 

жатқан қақтығыстар:  1986 жылғы Апматыдағы желтоқсан оқиғасы, 

қазіргі Ирак пен АҚШ,  Ресей мен Шешенстан,  Грузия мен Авхазия, 

Молдавия мен  Приднестрья  арапықтарындағы  қайшылықтар  мен 

қақтығыстардыңөзіндікәділеті бар әрекеттер. Бұл ретте журналист 

халық үғымында іс-қимыл  көрсетуі тиіс.

Қазіргі 


журналистика 

әлеуметтік 

ұстанымын 

анықгау 


кезеңінде. Кеңесдәуірі ыдырағаннан кейінуақыттезіне шыдамаған 

компартиялық  идеологиядан  арылып,  мүлде  идеядан  алыстау 

тенденциясы орын апды.  Бірақ,  қоғамдық қатынастардағы шұғыл 

бет-бүрыстар,  жаҒіандасу  үдерісінің  шығуы  бұл  үстанымнан  да 

өзгешебағыталуғамәжбүретіпотыр. Мәселен, Нурсултан Әбішүлы 

Назарбаев  1991  жылы  түңғыш  рет  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  бүкілхалықгық  сайлауына  Президентке  кандидат 

ретінде  Павлодар  облысына  келіп,  олбыс  жұртшылығымен 

кездескен еді. Осыжолдардыңавторыныңбірі журналист Ж. Бижан 

Елбасымен  сүхбаттасқан  болатын.  Сонда  Н.Э.  Назарбаев  былай 

деді:  «Менің барып жүрген мемлекеттерім, әрине, хапқының өмірі, 

тұрмысы, әлеуметтікжағдайы,  мемлекеттік қаржысының молдығы 

мен шығаратын өнімдерінің сапасыныңжоғарылығы жағынан бүкіл 

Совет Одағынан,  Қазақстаннан анағурлым ілгері түрған елдер.

Сонда  байқағаным,  ол  елдерде  Қазақстанның  табиғи 

байлығының  ширегі  де  жоқ.  Бірақ,  нарықгық  қатынасты  жетік 

игерудің,  дүниежүзіндегі  мемлекеттермен  өркениетті  байланыс


ОЙ 

ТО ЛҚЫ Н Ы  

(II бөлім)

жасаудың, экономика, техника, ғылым салаларын бірлесіп шешудің 

нәтижесінде мол байпыққа ие болған. Эр адам қайда оқимын, қайда 

барамын десе дұрыс жағдай жасалған.  Соны көріп,  Қазақстанның 

табиғи  байлығына,  көп  ұлтты  халқының  ынтымағына,  қазақ 

халқыныңталантына сүйеніп, біздіңбалаларымыз, немерелеріміз, 

қазіргі  жастар,  замандастарым  алаңсыз  өмір  сүретін,  әлемге 

белгілі зайырлы мемлекет қүрсақ деп ойлап келемін». Елбасының 

сол  арманы  қазір  орындалып  келеді.  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша  мыңдаған  жастар  шетелде  оқып  жүр.  Олардың 

апғашқылары  оқуларын  бітіріп,  тәуелсіз  Қазақстанның  әлеуетін 

нығайтуға  үлес  қосуда.  Н.Ә.  Назарбаевтың  биылғы  сайлаудағы 

жеңісі де ел қамын жасаудағы берекелі табысының нәтижесі.

Тәжірибенің 

осындай 

мәнісіне 

зер 

салғанда 



жоғары 

мектептерде  журналистиканы  оқытудың  тиімді  амалдарын 

толассыз  қарастыру  -   педагогика  ғылымында  кешенді  зерттеуді 

қажет етеді деген ойға тоқталамыз.



«¥лт тагылымы»  «Қазақстан жогары мектебі»

журналының ғылыми қосымшасы.

N91, 2006 ж.

9


Еңлік Жұматаева, п.г.д, профессор

Жұмасейт Бижан ізденуші,

С. Торайгыров атындагы Павлодар

мемлекеттік университеті



ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖЕКЕ ТҮЛҒАНЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРНЫ

Қоғамдық қатынас және билік құрылымын дамыту дүниетану, 

философиялық  заңдылықтар  негізінде  туындайтын  үдерістер, 

мүны  реттеуге  орай  жасалатын  инновациялық  технологиялар 

журнапистиканың  әлеуметтік  институт  үлгісіндегі  мәніне  тиімді 

ықпал  жасайды.  Жеке түлғаның  қоғамдық  қүрылыс  саласындағы 

орны,  тәрбиедегі  әлеуметтік  рөлін  қапыптастыруда  үш  жүздің 

басын  қосқан  Әз  Тәуке,  сондай-ақ,  Алтын  Орда  дәуірлерінде 

бабаларымыздың  вербалдық  (латын  тілінде  бүл  сөз  ауызша 

айту,  сөзбен  айту)  қарым-қатынасының  рөлі  зор  болғандығын 

атап  өткіміз  келеді.  Өйткені,  қарым-қатынас  жасаудың  арнасы  -  

сейлесу, кездесу, жүздесу, сапарласу, пікір алмасу, енер сайыстары 

(билер  апқасы,  олардың  терелігі,  ақындар  айтысы,  тойлар,  ас 

беру,  жәрмеңке,  бәйге,  кекпар  тарту,  қыз  қуу  және  тағы  басқа 

көпшіліктің  қатысуымен  ететін  жиындар)  -   ақпарат  таратудың 

кезі,  қоғамдық есудің сатылары.  Мәселен, Теле бидің:  «Бақ қайда 

барасың  -   ынтымаққа  барамын»,  Қаз  дауысты  Қазбек  бидің: 

«Өркенді  боламын  десең,  кекшіл  болма»,  Әйтеке  бидің:  «Бай 

болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін», -  

деген ой түйіндері хапықпен кездесу,  пікірлесу,  сез,  ой жарыстыру 

амапдарынан  туғандығы  айқын.  Мәселен,  Теле  биге  кездескен 

дихан:  «Тары  қай  жерге  мол  шығады?»,  -   деп  сұрағанда,  -   би 

апдындағы қүмдақ жерді қамшының сабымен нұқып  көрсетеді.

Күзде  қайта  жолыққан  дихан  биден:  «Осы  жерге  еккенде 

тарының  түсімді  болатынын  қайдан  білдіңіз  деп  сүрағанда  би: 

«Тары өз жаулары құмырсқасы, тышқаны, торғайы кеп жерге жақсы 

шығады», -  [23,  33] дел жауап  береді.  Осы түжырымдар айтайын 

деп отырған ойымызға тірек боларлықтай. Қазақ қауымындағы сөз 

бостандығы  мәдениетіміздің  өрістеуіне  жол  ашты.  Сөзге  тыйым 

і  салмаудың саяси, әлеуметтік мәні, әсіресе, Абылай түсында тұтас 

қазақ елі болып бірігуде, ел мен жерді қорғауда, халықтың ата салт-

k.

---------- =----------



-A

Бижан Ж. Қ.

Ой толқыны (II бөлім)

дәст/рін,  әдег-ғүрыптарын  сақтауда,  оларды  ұрпақган  урпаққа 

жалғастыру  үдерістеріндегі  кем-кетіктер  мен  олқылықтарды 

дурыстауда  зор  ықпалы  болғаны  өткен  тарихымыздан  айқын 

көрінеді.  Мәселен,  Буқардың:

Ашуланба, Абылай,

Ашулансаң Абылай,

Көтеремін,  көнермін,

Көтеріп қазыға салармын, -  [24, 92]

деп Абылайды  сабырлыққа  шақыруы  пікірді түсінісудің айқын 

дәлелі.

Қазіргі заманғы коммуникация теориясын жасаушы Г. Лассвелл- 



дың және  Т.  Нбюкомбаның  айтуынша  Кім?  Не  айтады?  Кімге?  Не 

түйді?  формуласы  бойынша  ақпарат  таратушыпар  мен  аудитория 

арасындағы  диалог,  өзара  пікір  апмасу,  ақпарат  өндірудің  өзара 

байпаныс -  интерактивтік моделі, ап Т. Нбюкомбаның коммуникатор 

мен  аудиторияның  келісім  (ой  түйісу)  нүкгесін  іздеуге  орай 

интеракционист деп  атаған,  екінші  моделі  1950 жылдары  таралды. 

Кеңес  дәуіріндегі  цензураның  қатаң  бақыпауында  болған  БАҚ-тар 

тек  қана  Компартияның  шешімдерін  угіттеу  және  насихаттаумен 

шұғылданғаны 

өткенімізден 

аян. 

Міне, 


соның  салдарынан 

интеракгивті  теледидар  қызмегі  1960  жыпдардан  басталды.  Ал 

ақпарат таратудың,  ақпарат алудың қазіргі ғалымдар айтып жүрген 

интеракгивті  үлгісі  бабаларымыздың  сөз  бостандығына  сүйеніп, 

елі  мен  жерін  қорғайтын  және халық  несібесін  молайтуға  дәнекер, 

ақылды, жауынгер үрпақ тәрбиелеу үдерісінде ел-жүрт арапық пікір 

алмасудан  туған  деп  ой  түйіндеуге  негіз  болады.  Бұл  өркениетті 

үдеріс  қазіргі  тәуелсіз  Қазақстанның  мемлекеттілігін  сәйкестендіру 

бағытындағы үстаным болып, әлемніңқуатты елдерімен стратегиялық 

паргнерпік түрғыда дамудың мотиві бола алады.

Ақпарат таратудың байырғы  әдістері  түркі  тілдес  халықгарға 

ортақ аңыз әңгімелерде, батырлар жырында айшықты әдіптелген. 

Мүндағы ақпараттардың бүлағы:

-   кейіпкерлердің  мекен-жайынан, 

керкем  табиғатынан 

(мезгілдің 

барлық 

кезеңдеріндегі), 



сондай-ақ, 

табиғаттың 

кездейсоқ  апаттарынан,  қас  жауларынан  қүтылудың,  тойтарыс 

берудің амалдарын,  іс-әрекетерін жасаудағы парасаты;

-  

қоғамдасудың 



алғы 

шарттары 

-  

психологиялық 



заңдылықгарға  орайлас  адамдардың  бірін-бірі  түсінуге,  үғысуға,

г   қоян-қолтық,  өзара  ынтымақ,  кемек  беруге  и кем дел у  үдерісінде  *

I  адамтану, дүниетану кезқарастарының қапыптасуы; 

.

-  рулық, туыстық қарым-қатынасқа беріктігі;



-   «Жалғыздық  қүдайға  ғана  жарасады»,  -   дейтін  халық 

үғымына тәуелділігі; 

|

-   ата-анасына,  еліне,  халқына  адал,  жауынгер  үрпақ  өсіру, 



шаңырақты қүрметтеу, үйдің алтын қазығы әйел-ана сөзін сёзіну;

-   дұшпанының  ойын  болжап,  айла,  амал  тауып,  қателігін, 

пендешілігін мойындату сияқты жеке тұлғаның өсу сатылары мен 

деңгейліктері  баяндалатын  психологияпық,  танымдық,  тәрбиелік 

мәндер.  Мүндай  ақпараттар  таратуда  детерменизм,  тиянақтап 

айтқанда,  табиғаттағы  және  қоғамдағы  барлық  қүбылыстардың 

белгілі  бір  себептері  айшықтапып,  Софат  айтқан  даналыққа 

қуштарлық, ақиқатқа жету қүмарлық -  философия ілімі қамтылған.

Осы  орайда  шығыстың  байырғы  аңыздарындағы  жеті

қағидасында:

-  бірінші,  жақсы  адамды  суға теңеу,  жердегі  су  аса жоғарыға 

көтерілмей-ақ,  жер  бетімен  әлемге  жайылып,  үстемдік  жасайды 

дейтін ой-тәжірибе түжырымы;

-   екінші жақсылық, ұқыптылық;

-   үшінші,  билікке  қызықпау  (қызықпасаң  оның  басыңа  қалай 

келгенін білмей қаласың);

-  үшінші,  қанағатшылдық,

-  төртінші, өзіңді басқадан зор санау, бірақ, өзгені кемітпеу;

-  бесінші,  мақсатқа жету үшін аздан көп жасауға үмтылу;

-  алтыншы,  уақыт тезінен жүнжіп кетпей,  оған ілесуді үйрену, 

өзіңнің қисықтығыңды сезіп, біреуді жазғырмау;

-   жетінші,  көрсеқызар  болмау,  өз  жолыңцы  дүрыс  таңдай 

білу  сияқты  дүниетанымдық  көзқарастар,  ақпараттану  үстанымы 

бағамдалғаны ойымызға тұздық болады.

Петербор,  Москва,  Варшава,  Қазан,  Омбы,  Орынбор,  Ташкент 

сияқты еркениетті қалалардағы оқу орындарынан білім алған Әлихан 

Бекейханов,  Мүхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов,  Міржақып 

Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мүхамеджан Тынышбаев, 

Халел Досмүхамбетов, Жанша Досмүхамбегов және басқапары XX 

ғасырдың  бас  кезінде  қазақ хапқының  өзара  қарым-қатынасында,

қоғам өмірінде, ел кеңістігінде жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені 



жан-жақты  игеріп,  әр адамның әлеуметтануына,  ез орнын табуына 

k   қүлшыныс  жасауына  себепші  болуға  ұмтылған.  Бүл  түрғыда 



л

Й С *  

______________ Бижан Ж. Қ.____________  

I

^  


334

 

'Зк



Ой толкыны (II бөлім)

олар  дүниетанудың  эмпирикалық  үдерісіне  сүйенген.  Біздің 

байқауымызша,  сол  кездегі  қазақ  ойшылдарының  үстанымдары,

қоғамдық  қүбылыстардың  туындыларын  аса  бір  дәлдікпен

пайымдауы,  іс-қимыпдары  -   XX  ғасырдың  30-жылдарындағы  Ч. 

Кули,  Д.Г.  Мид,  Т.  Парсонс  сияқгы  американдық  психологтардың 

және  олардың  жолын  қуушылардың:  «Жеке  түлғаның  әлеумегтік 

рөлінің  ауқымдығы  —  барлық  қоғамдағы  әрбір  жеке  түлғапарға 

тән»,  -  деген  үстанымдарына  сай  келгені  аңғарылады.  Мәсепен, 

Чарлз  Кули  өзінің  осы  сападағы  психологиялық  зерттеуінің 

нәтижесін:  «Жеке тұлға адамдардың қоршаған ортамен жиі қарым- 

қатынасының негізінде қалыптасады», -  [25, 81-84] деп түйіндеген. 

Осы  қағидалар  ауқымында  зерделеу  -   адамның  өз  ортасына,  өз 

мекеніне,  еліне  жасаитын  өнегелі  ісі  ғана  үлтын,  халқын,  жерін 

сақгап, ұрпақтан үрпаққа жеткізеді дейтін сана XX ғасырдағы біздің 

ағартушыларымыздың берік қағидасы болған деп ой қорытуға негіз

болып отыр.

-1905 жылғы Ресейдегі буржуазиялықтөңкерістің дүмпуі қазақ 

зиялыларына  ерекше  ой  салдарғаны  айқын.  Қазақ жеріндегі  көзі 

ашық,  көкірегі  ояу  азаматтар  отарлау  саясатының түпкі  мақсаты, 

қазақжерін иеленіп, үлттықсананы түншықтырып, қазақелін билеу 

екендігін ез жүртынатүсіндіруге асықты. Оған қарсы тұрудыңбасты

азаттық қозғалысын

азаттық


ел-жүртқа

өзі  басқару  қуқығынан  айырылмай,  оны  көздің  қарашығындаи 

қорғау,  ел  мен  жерді  ез  иелігінде  ұстаудың  тірегі  болатынын 

түсіндіру, сараптау мәселесін кешеуілдетпеуді ойластырды.  Қазақ 

ойшылдары  бөтен  жүрт  ешқашан  отарланған  елдегі  халықгың, 

үлттың  мүддесін  ешуақыттта  бірінші  кезекке  қоймайтынына  кез

жеткізген.

елдің


ез  хапқының үнін  естиді,  кемтігіне  қабырғасы  қаиысады,  ел-жүрт 

несібесін байыту үшін ол сыр сандығындағы ақыл-парсатын ашып, 

қазақгың отаншылдық санасын  байытады,  — дейтін жүрек жарды 

ойларын  Европа,  Ресей  елдеріндегідей  баспасөз  арқылы  қапың- 

жүртқа  жеткізуді  басты  мүраттары  деп  санады.  Соған  жетудің 

тынымсыз қам-қарекет жолдарын іздеді.



Ж. Аймауытовтың  120 жылдыгана арналған 

«Аймауытов тагылымы» атты халықаралық

конференцияның материалдары 2 том.

2007 Ж.

Бижан Ж. К.

МАШТіҮР-ЖҮСІП  КӨПЕЕВТІҢ 

ЖУРНАЛИСТІК ҮСТАНЫМЫ

Омбы  қаласында  1888 жылдан  1902  жылға  дейін  қазақ және 

орыс  тілдерінде  шыққан  «Дала  уалаяты»  газетіне  Дінмухамет 

Султанғазин,  Ешмухамет  Абылайханов,  Шөкөрім  Қудайбердиев, 

Рақымжан 

Дүйсембаев, 

Асылңожа 

Қурманбаев, 

Отыншы 

Әлжанов,  Мейрам  Жанайдаров,  Барлыбек  Сыртанов,  Жақып 



Ақпаев,  Зұлқарнайын Шөкеулы  Нуралыханов, Жағыпар Айманов, 

Бодаубек  Райымбеков,  Дуйсембай  Туранов,  Жәке  Сақатайулы 

Туранов  және  Кереку-Баян  өңірінің  тумапары  Мәшһүр-Жүсіп 

Көпеев,  Садуақас Мусаулы  Шорманов, Аббас Айманов би  Шоңов 

(газеттің 1890 жылғы нөмерінің 18-санында басылған Баянауылдың

турапы мәліметтер

Қорабай  Жапанов

оміре  мөгероеков және басқалары  мақапалар жазып,  жан-жақты 

танымдарын  ел-журтының  қаперіне  жеткізіп,  қоғам  тынысын 

зерделеуге  талаптанған.  Осындай  арқапы  азаматтардың  өмірі 

қазақтың.  «Талаптыға  — нур  жауар»,  — деген  фәлсәфәлік  мәніне 

сәйкес. Өйткөні, адам жаратылысында айналасындағы қүбыл ысқа 

тәуелді болмас үшін оның  сырын ашуға мәжбүр болады. Адамның 

өзіндік  мені  сезіле  бастағаннан  айналаның  (қоршаған  ортаның) 

сыртқы  әсерін  әу  бастан  бар  пөйілімвн  бағамдап,  өзінің  өркін 

бағындыру  арқылы  дүниетануды  иеленеді.  Қазақ  баспасөзінің 

түңғышы  «Дала  уалаяты»  газетіндегі  улт  тағдьюына  камкотиы

азаматтардың  шығармапарымен  танысқанда

қорытуға

МәшИүр-Жүсіл  Көпеевтің  «Дала  уалаяты»  газетінің  1890 

жылғы  6-7  сандарында  қазақ  елінің  тұрмыс  жағдайы,  кәсібі  мен 

шаруасы,  мәдени  өмірі,  әдет-ғұрпы,  оқу-ағарту  ісінің  барысы, 

жалпы  тәрбие  жөніндегі  пікірлері  жарияланған.  Мақаланың 

тақырыбы  «Баянауылдан»  деп  берілген.  Мәшекең  тақырыпты 

бір  сөзбен, 

Баянауылдың  атымен  алуында  әр  оқырман 

психологиясының  алуандығын  ойластырғаны  аңғарылады.  Ол 

түста газет оқырмандары аз, бірақ, қазақтың қүлақтары түрікжүріп, 

одан-бүдан  ақпарат,  әңгіме  тыңцағыш  әдеттерін  жақсы  білетін 

МәшҒіүр-Жүсіп  Ресей  патшасының  Жарлығымен  1882  жылғы



Р  12-майда  үш  облысты  біріктіріп  Ақмола,  Семей,  Жетісу  Дала  ч  

уалаяты қурылғаны туралы хабардың  аңқау, сенгіш қазақтарға да 

тегіс  мәлім  болғанын  ескерген.  Семей  Дала  уалаятына  қарасты 

Баянауыл өңірі -  қапың елге ежелден белгілі. Өйткені, қазақ елінің 

табиғаты  аса  сұлу,  ауасы  жүпар  Баянауыл  жері  көріктілігімен 

қатар,  елінің  оқыған  азаматтарымен  де  сол  тұстың  өзінде  кепке 

танымап  болатын.  Сондықган,  автор  мақапаның  тақырыбы  хат 

танитындардың  көзіне  түсіп,  кептің  назарын  тартатынына  үмітті 

болған.  Бүл  —  МәшҒіүр-Жүсіптің  шығармашылық  қабілетінің 

мықтылығынан, 

журнапистік  шеберлігінен  туындаған  үдеріс. 

Баянауыл -  барлық дәуірде Баянауыл.  [26,110-115].

Көлемді мақапаның бірінші жолынан Баянауыл жерінің тарихы 

баяндалған.  Автордың  мақсаты  жер -  ежелден  адам  тіршілігінің 

кезі,  үрпақтар  тарихы,  оны  иеленуге  әр  азамат қүқылы  екендігін 

жариялау. Жаратылысты жаратылыс мәнінде түсіну -  адамдардың 

үлесіндегі қасиегті де енімді әрекет.  Осындай түйінді әр адамның 

санасына  жеткізуді  ойлаған  автор:  «Кеше  қарадан  хан  болған 

Едіге  Шоң  уақытында  Кекшетаудан  бергі  жері  біздің  Сүйіндік 

деген  хапқының  жайлауы  екен.  ...Қарағайлы  шоқының  қасында 

Ақмырзаның  Қарасуы  дейді,  (Ерейменнің  Ақмолаға  қараған 

жағында),  Олжабай  сөресі,  Едіге  сөресі,  Шорман  тамы,  Тайбай 

көлі,  Үшмырзаның  көлі  дейді  солардың  баршасы  -   Сүйіндіктің 

сол  жерлерін  мекен  қылып  жүргенде  еткен  жақсылардың  аты 

бүл жерлерінің бәрін  Керей,  Қанжығапы  қыстау қылып кеткен соң 

біздіңхапықжайлаудан қалды....», — деп мақаладағы сюжетті одан

әрі өрбітеді.

Баян аул  еңіріндегі  осындай  оқиғаға  байланысты  Өлеңті 

еңірінен  жайлау  алуға  әркеттенген  Сүйіндік  елінен  Хусайн 

мырзаның  жер  аламын,  ал  Өлеңті  жағынан  Кәрібай  мырза 

жайлау жерін бермеймін дейтін таласы бойынша өрілген сюжеттің 

шарықтау  шегі  автордың  сезімен  айтқанда:  «Патша  чиновнигі 

Тюфяев  келіп  екі  жаққа  да  насихат  айтып,  үзын  сөздің  қысқасы 

Хусайн  мырза  айтқан  сөзіне  жетіп,  Өлеңгінің  аржағынан  терт 

шақырым жер апуына жеткізеді».

Қазақ ел інде үш жүздің басын біріктіріп түрған Т әуке заманынан 

кейін әр елдегі  сүлтандар бас-басына  хан болып,  елдің алалығы, 

алауыздығы  жер дауы  көбейіп,  Ресей  бодандығына  өткен  тұста 

l

  жартылай  жайлауға  көшу,  жартылай  жатақта  болу  үдерісі  жер  ^



к — 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет