Басқарудың мотивациялық-мақсаттық функциясын жүзеге асыру үшін мұғалім төмендегілерді білу керек:
білім алушылардың және өзінің алдына диагностикалық мақсаттар қою және қалыптастыру;
кәсіби қызметті білім беру мекемесінің мақсаттарымен байланыстыра білу;
білім алушылар тобымен қарым-қатынас стилін белгілеу;
білім алушылар ұжымының және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қамтамасыз ете білу;
оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ынталандыру;
топтың істеріне (проблемаларды топтық көру), мақтаныш пен командалық рухты құруға деген сезімді қалыптастыру;
тыңдаушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Басқарудың жоспарлық-болжамдық функциясын орындау мұғалімнен келесі дағдыларды талап етеді:
педагогикалық қызметтің дамуын болжау;
білім беру мекемесінің даму стратегиясына сәйкес дайындалған өз іс- әрекеттері мен білім алушылардың іс-әрекеттерінің мақсаттарын жоспарлау;
кәсіби қызметке тән құжаттарды әзірлеу, оны пайдалану;
техникалық құралдарды пайдалану (әсіресе компьютер).
Басқарудың ұйымдастыру-орындаушылық функциясын жүзеге асыру үшін мұғалім:
білім алушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру әдістерін,тәсілдерін, технологияларын қолдануды;
өз қызметін ұйымдастыруды (өзін-өзі басқару);
бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда ойын әдістерін қолдануды;
қойылған мақсаттарды іске асырудың барлық түрлері бар ресурстарын тарату және бағалауды білу керек.
Басқарудың реттеу-түзетушілік функциясын жүзеге асыруда мұғалім келесі дағдыларға ие болу керек:
білім алушыларға жүктелген міндеттердің орындалу барысын қадағалау;
білім алушылармен кері байланыс жасау;
жоспарланған оқыту мақсаттарын жүзеге асыру кезінде ауытқудың себептерін талдау;
жоспарланған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім алушылардың оқу іс-шараларына қажетті түзетулер енгізу;
білім алушылардың жұмысын қорытындылау.
Осы айтылғандар негізінде болашақ педагогтың басқару функциялары ақпараттық-аналитикалық, мотивациялы-мақсаттық, жоспарлы- болжамдық, ұйымдастырушы-орындаушылық, реттеуші-түзетушілік деп тұжырымдаймыз.
Педагогтың басқарушылық іс-әрекетінде оқушылар ұжымын және ата- аналардың педагогикалық білімінің дамуын басқару міндеттері де жүзеге асырылады. Мұғалімнің міндеті – оқушының дамуының мәнін, оны қалыптастырудың көздері мен механизмдерін, даму үдерісін басқарушылық қабілеттілігін зерттеу. Болашақ педагогтың жұмыс тәжірибесіне жүргізілген зерттеулер, яғни оның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру (атап айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың дамуын, т.б басқарушылық) болашақ педагогті басқарушылық қызметке арнайы дайындаудың маңыздылығын растауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды болашақ педагогтың басқару іс-әрекетінің нысаны оқушының тұлғасын дамыту, сынып, сабақ үдерісі болыптабылады.
Болашақ педагогтың осы оқу үдерісі субъектілерін басқару құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында оның
Достарыңызбен бөлісу: |