СЫНЫПТЫ ҚАЛАЙ БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ?
Жақсы ұйымдастырылған, тәртіпті сынып оқушылардың академиялық жетістігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімдер сыныпты басқаруға келгенде көптеген кедергілерге тап болады. Оқушылардың нашар мінез-құлықтары, шашыраңқылығы, қойылған оқу міндеттерін орындауды қаламауы сынып үлгерімінде де сәтсіздікке әкеп соқтырады, яғни, мұндай жағдайда сыныпта күрделі шиеленіс болмайды.
САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК!
Сабақтың жағдайы мұғалімнің сабақ өткізуге қаншалықты дайын болуына байланысты. Әр сабаққа дайындалу үшін уақыт бөліңіз. Және іс тек мазмұнда ғана емес екенін ескеру керек. Мұғалім сабақтың барлық кезеңдерін, оқу уақытының әр минутын мұқият ойлауы тиіс. Оқушыларға қандай оқу тапсырмаларды ұсыну және оны қалай жасау керек (!). Әрбір оқушы сабаққа барлық уақытта қатысып, оқу міндеттерімен қамтамасыз етілетіндей жағдай жасау қажет.
Сабақ барысының бұзылуы көбінесе оқушы мұғалімнің өзінен не талап ететінін нақты білмеген кезде туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |