ЖАҒЫМДЫ КӨҢІЛ-КҮЙДІ САҚТАҢЫЗ
Сыныпта жағымды көңіл-күй тудыратын бірден бір тұлға – мұғалімдер. Күлімсіреу мұғалімнің әлсіздігінің белгісі болып табылмайды, бірақ оқушыларға күлімсірей сәлемдесіп, мұғалім оларға өзінің жылы қарым-қатынасын көрсетеді. Сіз күлімсіреу арқылы оқушылардың да сондай көңіл күйде болуына ықпал етесіз. Теріс энергия да жағымды энергия сияқты жұқпалы. Сондықтан жаман көңіл-күйді өзіңізбен бірге сыныпқа алып келмеңіз.
Позитивті мұғалім әр оқушының қызметін бақылап, бағалауы, оның жұмысындағы прогресті көре білуі тиіс. Мұны мектеп әкімшілігі мен ата-аналар алдында ашық көрсетіңіз. Істің жай-күйі, нақты табыстар мен сәтсіздіктер туралы жан-жақты білуіңіз оқушының, оның ішінде ата-аналардың да құрметін тудырады. Оқушы өз жұмысының аралық нәтижесін ғана емес, сонымен қатар өзінің өсу перспективасын да көре алуы керек.
Мұғалімнің сынып және әр оқушы бойынша жеке-жеке істің жай-күйі туралы білуі оған алдағы аптаға арналған оқу жоспарын түзетуге мүмкіндік береді. Сыныппен дұрыс байланыс Сіздің көңіл-күйіңізге, жұмысқа қабілеттілігіңізге әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |