Болашақ педагогтың басқарушылық стилін анықтауда біз ғылымда дәлелденген басқару стилі теориясына жүгінеміз. Белгілі неміс-американ психологі К.Левин тұлғаның дамуы теориясын жасауда басқару стилі тұжырымдамасының негізінқалады. Ол эксперименттік зерттеу нәтижесінде басқарудың 3 негізгі стилін анықтады: авторитарлық (өктемдік); демократиялық; либералдық, немқұрайлық(бетімен жіберушілік) [100, с. 205].
Авторитарлық стиль –іскерлік, қысқа бұйрықтар. Топтағы істералдын-ала жоспарланады. Кешірімсіз, қауіппен айтылатын тыйымдар орын алады.Тікелей мақсаттар ғана анықталады, алыс мақсаттар белгісіз болады. Айқын тіл,жылы шырайсыз үн. Басқарушының дауысы – шешуші, маңызды. Мақтаулар мен жазалаулар субъективті. Эмоциялар есепке алынбайды. Лидердің топтан тыс өзіндік ұстанымдық бағыты бар.
Демократиялық стильдеұсыныстар сөйлемдер ретінде болады. Шаралар алдын ала жоспарланбайды. Достық үн, көңілді тіл. Белгілі бір ұсыныстарды жүзеге асыруға барлығы жауапты. Мақтау мен бетке айту – кеңес беру. Жұмыстың барлық бөлімдері алдын ала талқыланады. Лидер топтың бағытын ұстанады.
Немқұрайлық стиль - конвенционалды. Топтағы істер өз бетінше жүреді. Мақтау мен бетке айту орын алмайды. Басшы нұсқаулар бермейді. Ешқандай ынтымақтастық жоқ. Жұмыстың бөлімдері жекеленген қызығушылықтардан құралады. Басшының ұстанымдық бағыты көрінбейді. Бір стильді екіншісінен ажыратып тұратын негізгі белгі басшының шешім қабылдау тәсілі болып табылады.
Басқару стилін талдау және басшы мен лидер арасындағы ұқсастық, айырмашылықты зерттеу нәтижесі бізге, педагогтың басқару стилі демократиялық болуы тиістігін көрсетті.
Сондай-ақ, біз зерттеу барысында болашақ педагогтың басқарушылық бағытын айқындауда басқарудың ізгілікті бағыт теориясына сүйенеміз. Ғылымда аталған теорияның бастауы, яғни гуманистік, ізгілікті басқару туралы ойлар ежелгі философтардың (Сократ, Аристотель, Платон және т.б.) мен түркі ғұлама ойшылдарының (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, А.Иүгінеки және т.б.) еңбектерінде көрініс тапқанын 1.1 параграфта айтып өткендей,олареңбектерінде мемлекет басқарудағы тұлғаның адамгершілік рөліне терең мән беріп, ізгілікті басқару қағидалары мен ережелерін жасағандығы туралы С.А.Ұзақбаева, Ә.Көбесов, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Н.Көшербаева, Ұ.М.Әбдіғапбарова және т.б. ғалымдар зерттеулерінде жан- жақты талданып берілген [101-105].
ХІХ ғасырдың бас кезеңінде мектепті басқарудағы ізгілікті бағыт теориясы классик педагогтар В.Сухомлинский, М.Макаренко, К.Ушинский, Н.Крупская және т.б. еңбектерінде тереңдетіліп, күні бүгінге дейін психолог, педагог ғалымдар зерттеулерінен түспей келеді. Отандық ғалымдар А.А.Бейсенбаева, С.Қ.Қалиев, Л.К.Керімов, Н.Д.Хмель және т.б. еңбектерінде білім беру саласындағы гуманизм, адамгершілік тәрбие беру мәселелері жетілдірілген болса, А.Жайтапова, Ә.Көшербаева, Ұ.Әбдіғапбарова, З.Садуақасова және т.б. ғалымдар зерттеулерінде білім беру саласындағы гуманды басқару, лидерлік харизма, басқарудағы адамгершілік қарым-қатынас мәселесі терең талданған [106-117].
Басқарудағы ізгілікті бағыт біздің зерттеуіміз үшін аса маңызды. Өйткені болашақ педагогтың басқару іс-әрекетінде адами тұлғалық сапаларының болуы міндетті. Сонда ғана ол жас ұрпақты қоғамның дамуына қызмет етуге, қоғамды
ізгілендіруге жетелей алады. Сол себепті де біз ұсынатын педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда басқарудағы ізгілікті бағытты ұстанамыз. Осыған сәйкес басқарушылық құзыреттіліктің негізгі құрамын ізгілікті тұлғалық сапалар құрайды (бұл туралы осы параграфта болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін құрайтын негізгі сапаларды анықтау барысында толығырақ баяндалады).
Сонымен қатар, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің құрамын анықтау барысында басқару функцияларына да талдау жасалды. Ол үшін мұғалім қызметінің барлық құрамдарын (мақсаттарын, қағидаттарын, мазмұнын, технологияларын және т.б.) қамтитын ғылыми-теориялық, операциялық-технологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын қарастырдық.
Басқару қызметінің операциялық-технологиялық сипаттамалары оқу үрдісін мақсатты белгілеу, оқыту мақсаттарына жету үшін нақты тапсырмалар қою, осы тапсырмаларды басымдыққа көшіру және үйлестіруге барабар бағдарлауды көздейді. Басқару функциялары белгілі бір ережелерге және белгілі бір рәсімдердің негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Оқытушының ұжымдық қызметтегі мақсаттарының дербестігі, олардың сипаттамалары, жетістіктерін бақылау, мақсаттардың мүмкіндіктері мен дағдыларын салыстыру, білім алушылардың мүмкіндіктері «кәсібилік дәрежесін сипаттайтын кіріктірушілік қабілет» болып табылатын «жедел және технологиялық құзыреттілік» тұжырымдамасына енгізілген [118, с. 11; 119, с. 24].
Мұғалімдердің алдына қойылған мақсаттарда әрекет ету және жаңа мақсаттарды қою қабілеті олардың кәсіби дамуының жоғары деңгейін, практикалық дайындығын білдіреді, ол кәсіби дағдылар мен басқару дағдыларының қажетті деңгейде болуын талап етеді.
Мектеп мұғалімінің басқару қызметінің ғылыми-теориялық сипаттамасы оның ғылыми-теориялық дайындығын, оның ішінде психологиялық, педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруін, когнитивтік қабілеттерін дамытуды ұйымдастыруды қамтиды [120].
М.И.Марьин басқару қызметінің теориялық мазмұнын білім беру ұйымы жұмыстарының талаптарына сәйкес іске асырылуы мүмкін білімдерді тұрақты қалыптастыруды, сондай-ақ педагог-менеджердің практикалық міндетін шешу үшін білім қорын жүйелі пайдалану дағдысын меңгеруі екенін түсіндіреді [118, с. 8].
Тиімді басқару әрекеті интеллект арқылы қалыптасқан рефлексиялық деңгейдің болуымен, оның барлық ойлау үдерістеріне және басқарушылық әрекеттерге қатысуымен байланысты болады. Басқаша айтқанда, мұғалім өзінің танымдық ресурстарын басқаруы керек. Ғылыми-теориялық компонент басқару қызметінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті білім шеңберін сипаттайды.
Мұғалімнің басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі
«тұлғааралық қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл саласындағы жеткілікті, жанжалды жағдайларды болдырмау қабілетін, көшбасшылық стилінің икемділігі
және коммуникативтік қабілеті басқа адамдармен қажетті байланыстарды орнату және қолдау мүмкіндігін» қарастырады [118, с. 14].
Әлеуметтік-психологиялық білім негізінен көшбасшылық мәртебесімен қамтамасыз етіледі. М.И.Марьиннің пікірінше, мұғалімнің әлеуметтік- психологиялық құзыреттілігінің мәні басқарушылық қызметтің объективті міндеттері мен оның жеке басының субъективті мүмкіндіктері арасындағы байланыстың шартымен анықталады [118, с.14]. Мұғалімнің әлеуметтік- психологиялық құзыреттілігі оның кәсіби маңызды қасиеттері шоғырланған сипаты болып табылады. Ол адамның жағдайын: оның бағыттылығын, гуманитарлық даярлығының дәрежесін, кәсіби білімінің деңгейін, бастапқы қабілетіне негізделген білімінің, білігінің, дағдысының деңгейін көрсетеді. Нәтижесінде әлеуметтік-психологиялық сипаттама мұғалімнің саналы түрде, әртүрлі басқарушылық тапсырмаларды уақтылы және шығармашылық түрде шешуге дайын екендігін білдіреді. «Бұл жеке мотивациялық құндылық, эмоционалдық-мақсаттық, мазмұндық құрамдас бөліктердің бірлігін білдіреді әрі жеке тұлғаның және оның қызметінің кәсіби деңгейін сипаттайды» [118, с.14].
Басқару құзыретіне талдау жасау үшін функционалдық-аналитикалық тәсіл қолданылады, оның мәні басқарушылық құзыреттілік сипаттамалары топтастырылған нақты басқарушылық функцияларды анықтау болып табылады [118, с. 6].
Осыған сәйкес, «басқарушылық құзыреттілік» тұжырымдамасын анықтауда функционалдық-аналитикалық тәсілдемеге сүйене отырып, басқару функцияларын анықтаймыз.
Басқарудың ақпараттық-аналитикалық функциясын құзырлы орындау үшін келесі дағдылар қажет:
тиісті ақпаратты талғап, таңдап алу;
ақпаратты талдау;
оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау;
оқыту технологияларын талдау;
білім алушылардың білімдерін, дағдыларын диагностикалау және өлшеу құралдарын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |