Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет28/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
111Sa

Басқарудың мотивациялық-мақсаттық функциясын жүзеге асыру үшін мұғалім төмендегілерді білу керек:

  • білім алушылардың және өзінің алдына диагностикалық мақсаттар қою және қалыптастыру;

  • кәсіби қызметті білім беру мекемесінің мақсаттарымен байланыстыра білу;

  • білім алушылар тобымен қарым-қатынас стилін белгілеу;

  • білім алушылар ұжымының және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қамтамасыз ете білу;

  • оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ынталандыру;

  • топтың істеріне (проблемаларды топтық көру), мақтаныш пен командалық рухты құруға деген сезімді қалыптастыру;

  • тыңдаушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Басқарудың жоспарлық-болжамдық функциясын орындау мұғалімнен келесі дағдыларды талап етеді:

  • педагогикалық қызметтің дамуын болжау;

  • білім беру мекемесінің даму стратегиясына сәйкес дайындалған өз іс- әрекеттері мен білім алушылардың іс-әрекеттерінің мақсаттарын жоспарлау;

  • кәсіби қызметке тән құжаттарды әзірлеу, оны пайдалану;

  • техникалық құралдарды пайдалану (әсіресе компьютер).

Басқарудың ұйымдастыру-орындаушылық функциясын жүзеге асыру үшін мұғалім:

  • білім алушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру әдістерін,тәсілдерін, технологияларын қолдануды;

  • өз қызметін ұйымдастыруды (өзін-өзі басқару);

  • бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда ойын әдістерін қолдануды;

  • қойылған мақсаттарды іске асырудың барлық түрлері бар ресурстарын тарату және бағалауды білу керек.

Басқарудың реттеу-түзетушілік функциясын жүзеге асыруда мұғалім келесі дағдыларға ие болу керек:

  • білім алушыларға жүктелген міндеттердің орындалу барысын қадағалау;

  • білім алушылармен кері байланыс жасау;

  • жоспарланған оқыту мақсаттарын жүзеге асыру кезінде ауытқудың себептерін талдау;

  • жоспарланған оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім алушылардың оқу іс-шараларына қажетті түзетулер енгізу;

  • білім алушылардың жұмысын қорытындылау.

Осы айтылғандар негізінде болашақ педагогтың басқару функциялары ақпараттық-аналитикалық, мотивациялы-мақсаттық, жоспарлы- болжамдық, ұйымдастырушы-орындаушылық, реттеуші-түзетушілік деп тұжырымдаймыз.

Педагогтың басқарушылық іс-әрекетінде оқушылар ұжымын және ата- аналардың педагогикалық білімінің дамуын басқару міндеттері де жүзеге асырылады. Мұғалімнің міндеті – оқушының дамуының мәнін, оны қалыптастырудың көздері мен механизмдерін, даму үдерісін басқарушылық қабілеттілігін зерттеу. Болашақ педагогтың жұмыс тәжірибесіне жүргізілген зерттеулер, яғни оның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру (атап айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың дамуын, т.б басқарушылық) болашақ педагогті басқарушылық қызметке арнайы дайындаудың маңыздылығын растауға мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды болашақ педагогтың басқару іс-әрекетінің нысаны оқушының тұлғасын дамыту, сынып, сабақ үдерісі болыптабылады.

Болашақ педагогтың осы оқу үдерісі субъектілерін басқару құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында оның



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет