Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат



бет31/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

Электромагнитті тақталарды магнитсіздендіру .Дайындаманы ажарлағаннан кейін тақтадан шешу керек және оның қалдық магниттелуін жою керек. Бұған магнитсіздендірумен қол жеткізеді. Магнитсіздендіру жүйесінің негізгі міндетті өңделген дайындаманы тақтадан жеңіл шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Тақтаның магнитсіздендіруі уақыт үлесі қосалқы дайындаудың жалпы уақытының және қорытынды жұмыстың 8...20 % құайды, демек, магнитсіздендірудің ұзақтылығының азаюы білдек өнімділігінжоғарылатады



7.10 суретте магнитті тақтаның жалпы түрі көрсетілген.

1,2- темір телімшелер; 3 – иагнитсіз қабатшалар; 4 – тұтқа; 5 – тұрақты магниттер.

Жоғарғы бөлігі араларында магнитті емес қабатшасы бар темір тілімшіден жасалған. Күшті тұрақты магниттерді темір тілімшелерге және бекітілген дайындамаға ауыспалы түрде түйістіре отырып жылжытуға болады. Магниттерді ауыстыруды тұтқамен жүргізеді. Тақтаның төменгі бөлігін әр түрлі ұстатқыштармен және бұрандаларменбілдек үстеліне бекітеді.

Жартылай автоматты айналыммен жұмыс жасайтын ажарлау білдектеріне ажарланатын болатты дайындаманың магнитсізденуіүшін арнайы автоматты құрылғыларды орнатады.

Магнитті және электромагнитті тақталардан басқа ажарланатын дайндамаларды бекіту үшін лекалды іскенжелерді, әмбебап қысқыларды, орнату тақтайшаларын; тақташаларды және т.б қолданылады.



7.11 сурет.ажарланатын дайындамаларды бекітуге арналған лекалды тақтайшалар:

1 – жылжымайтын ерін; 2 – өлшеуші сұққыш; 3 – жылжымалы ерін; 4 – тұрқы; 5 - бұрама

Лекалды іскенжелер кәдімгі машинаның іскенжелерден дайындалу дәлдігімен және аудару мүмкіндігімен ерекшеленеді. Лекалды іскенжелердің бүйір беттері бірі екіншісіне параллель болып және негізіне перпендикуляр болып дайындалады.іскенжелердің бекітілуі үшін бұрандалы саңылаулар қарастырылған, бірақ негізінен оларды магнитті тақтаға бекітеді.іскенжелерді болаттан жасайды, шынықтырады және барлық жақтарын ажарлайды. Магнитті тақтада дайындаманы орнату үшін тақтаға дайындаманы сенімді бекітілуін жоғарылататын орнату тақтайшаларын және тақташаларын қолданады.



Ажарлау шеңберінің жөнделуі.Жаппай және ірі сериялы өндірістежөнделетін құрылғыларды ажарлау топайына орнатады. Ұсақ сериялы және жеке өндірісте берілген кескінді ажарлау шеңберінде білдек үстелінде орналасқан шешілетін айлабұйым көмегімен алуға болады. Жөндеу алмазын қозғалмалы ұстағышқа бекітеді. Ұстағыштың төменгі бөлігінде серіппе әрекетімен көшіргішке қысылған жұмысшы ұштық бар. Тегершік бұрылуы мен ұстағыш көшіргіш бойымен жылжиды және оның ажарлау шеңберінің кескініне береді. Осындай құрылғымен тегіс көшіргіш бойынша түзу кескінді шеңберді жөндеуді жүзеге асыруға болады.

Ажарлау үдерісінде бөлшектерді тексеру және тексеру құралдары.Ажарлау білдектеріне белсенді тексеру аспабын орнату бөлшектердің өңдеу дәлдігін жоғарылатуға және білдекті күтуқауіпсіздігіне мүмкіндік береді. Ажарлау үдерісінде екі тексеру әдісі қолданылды. 1 – әдіс кезінде, сұлбасы 7 – 13, а суретінде көрсетілген. Электронды және пневматикалық сүңгіш көмегімен берілген уақыт мезетіндегі ажарланатын бөлшек биіктігі тіркеледі. Осы кезде өлшеу нәтижелері тіркеуші құрылғыға беріледі. Берілген өлшемге жеткен кезде қозғалыс берісі автоматты түрде тоқтатылады. Бірақ та мұндай әдіс кезінде шеңбердің тозуы есептелінбейді және жөндеу құрылғысының периодты түрде тоқтатылады. Бірақ та мұндай әдіс кезінде шеңбердің тозуы есептелінбейді және жөндеу құрылғысының периодты түрде бапталуы талап етіледі. Өлшеу дәлдігін алу үшін бөлше орнатылған жазықтыққа дейінгі ара – қашықтықты қосымша өлшейтін сүңгішті қолданылады. Сонымен қатар бөлшектің абсолютті биіктігіне сәйкес келетін алдын ала орналастырған екі сүңгіштің әр түрлі көрсеткішіне жеткен кезде тереңдіктегі қозғалыс берісі тоқтайды.

Сурет- 7.12. жазық ажарлау білдектеріндегі дөңгелектерді түзету үшін арналған әмбебеп айлабұйым:

1 – тегершік; 2 – түзетуші алмаз; 3 – ажарлау дөңгелегі; 4 – ұстағыш; 5 – серіппе; 6 – көшірме

Екінші өлшеу әдісі барысында (сурет 7.13, б) білдекте бекітілген қатаң тіреуішпен 2 жанасқан көрсеткіш бастиегі қолданылады 1. Сынама бөлшекті 3 қажетті биіктікке дейін ажарлайды, осыдан көрсеткіш бастиегін өлге орнатады. Барлық қалған бөлшектерді білдектің үстеліне орнатып, көрсеткіш меізері нөлдік жағдайға келгенше ажарлайды содан кейін ажарлау дөңгелегінің тереңдігіне қозғалыс берілісін қосады. Бұдан дөңгелектің тозуы есепке алынбайды және көрсеткіштің периодты бапталуы қажет болады.



Бірінші өлшеу әдісі дәлірек болып келеді,сүңгуіштің ажарлау аймағында жұмыс жасағандықтан оның ластану және үлкен тозу қауіпті болады. Бұл жағдайда пневматикалық өлшеу құралдарын қолдану керек. Ірі бөлшектерді ажарлау барысында және ерекше мән беретін жағдай квалификациясы төмен ажарлаушы жұмыс жасау барысында автоматты бақылауы ақаулы өнімді күрт азайтады. Екінші әдіс қарапайым болып келіп және арзан болады.

Сурет 7.13 Жазық ажарлау үдерісін бақылау әдісі:

а – сүңгуіштің көмегімен; 1 – пневматикалық сүңгуіш; 2 – қатаң тіреуіш;б – көрсеткіш бастиегінің көмегімен; 1 – көрсеткіш бастиегі; 3 – бөлшек; 4 – білдектің үстелі.

Оның өңдеу дәлдігіне жоғары талаптар қойылмаған жағдайда қолдануға болады.

Өңдеу дәлдігін жоғарылату үшін кейбір жазықажарлау білдектерінде баптаулар қолданылады, ол анықталып берілген шекті биіктікке бөлшекті жоғарылату барысында дөңгелектің жылжуына бұйрық береді, бұл оның тозу компенсациясын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет