Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Орта дөңгелек ажарлау білдегінің құрылысы



бет29/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

7.3. Орта дөңгелек ажарлау білдегінің құрылысы.

Бұл білдектер дайындамаларды орталарда немесе қысқыда бекітіп, олардың сыртқы цилиндрлік, көлбеу конустық және бүйір беттерін бойлық және кіре кесіп ажарлау үшін арналған.

Білдек бағыттаушылары бар тұғыдан 18 тұрады, тұғырда төменгі үстел 20 орнатылған, төменгі үстелдің үстіндегі бұрылатын жоғарғы үстел 19 болады, онда алдыңғы 2 және артқы 12 топайлар бекітілген. Төменгі үстелде 20 бекітілген жоғарғы үстел 19 конустарды ажарлау барысында остің 16 айналасында бұрылады. Тұғырдыің бағыттаушылары ойынша төменгі үстелдің қолмен жылжуы арнайы механизм арқылы көмегімен жүзеге асырылады, ол механикалық – тұғырдағы гидравликалық цилиндрден.

Тұғырдың артқы жағында бойлық бағыттаушыларында ажарлау топайы 7 орналасқан, оның ажарлау дөңгелегінің дайындамаға тез әкелу механизмі бар. Ажарлау топайының тұрқысында тегершігі бар бойлық беріліс механизмі 8 бекітілген. Ол қолмен қозғалысберілісі, автоматты беріліс қосатын тұтқалар және тазалай мен қаралай беріліс жылдамдықтарын реттеу кедергісі үшін арналған. осы жерде дөңгелектің автоматты түзеу механизмі 5 орнатылған.

Тұғырдың алдыңғы жағында тұтқасы 13 баргидробасқару аспап беті 14 орналасқан. Ол ажарлау топайын тез әкеліп әкетеді және кері бағытты реттеу кедергіні және үстелдің жылдамдықтары орналасқан. Басқышпен 15 артқы топайдың суйеу төлкесін гидравликалық әкету жасалады.

Тіреуіште қосу батырмалары мен ауыстырып қосқыштары бар басқару тізбе сандықшасы орналасқан.

Білдектің сол жағында электрошкаф орналасқан, ол оң жағында – гидростанция 10. МСС тұтқаның 3 көмегімен беріледі. Қажет жағдайда білдекте сүйеуіш 4 бекітілуі мүмкін.

Басты кесу қозғалысы – ажарлау дөңгелегінің айналуы, ол ажарлау топайында D (сурет 7.3) бекітілген, сына қайысты беріліс ø112/ ø147 арқылы М2 электроқозғалтқышынан тасылады. Басты қозғалыстың кинематикалық шынжырының теңдігі:



Мұнда, - ажарлау дөңгелегінің айналу жиілігі, мин-1; 0,985 – қайыстың сырғанау коэфициенті.



Айналу қозғалысының берілісі – алдыңғы топайдағы А ажарлау дайындамасының айналуы – М1электроқозғалтқышынан жасалады, ол екі сына қайысты берілістер ø63/ ø168 арқылы айналу жиілігі сатысыз реттелетін тұрақты тоқпен жасалады, олар айналдырықтың айналу жиілігін 40...400 мин-1қамтамасыз етеді.

Сурет 7.3. Орта дөңгелек ажарлау білдегінің кинематикалық сұлбасы:

А – алдыңғы топай; Б – ажарлау дөңгелегінің түзетуінің құрылысы; В – берілістің механизмі; Г – артқы топай; Д – ажарлау топайы; Е – үстелдің қолмен жылжыту механизмі; П – түзету құрылғысының сүйеу төлкесі; Л – лимб; М1,М2 – электрқозғалтқыштар; М3,М4 – гидроқозғалтқыштар; М˟1,М˟2 – тегершіктер;Мф – жалғастырғыш; Мэ1,Мэ2 – электромагнитті жалғастырғыштар; Ц1,Ц2,Ц3 және Ц4 – гидроцилиндрлер; Шп – айналдырық; Рк – тұтқа; Ст – төменгі үстел.

Алдыңғы топайда айналдырық Шп ортамен қозғалмайды және дайындаманың айналуы планшайбаның жетектемесінен жасалады.

Үстелдің қолмен жылжуыМ˟2 тегершігі айналу барысында Е механизмінен болады, одан z=17/51/51 тісті дөңгелектер, бұрамдық беріліс, і=1/31;жалғастырғыш Мф,дөңгелек төрткілдеш z=20 және төменгі үстелде бекітілген төрткілдеш арқылы төменгі үстелге Ст қозғалыс беріледі.

Үстелдің бойлық гидравликалық жылжуы Ц4 гидравликалық цилиндірінен жасалады, ол қозғалмайтын тұғырда бекітілген. Цилиндрдің поршеніндегі штоктарының шеттері білдектің төменгі үстеліне Ст бекітілген. Үстелдің жылжу жылдамдығы 0,5...5 м/ мин.

Ажарлау топайының қолдық көлденең қозғалыс берілісі электрмагниттік жалғастырғыш Мэ1 қосылу барысында М˟1 тегершігінің көмегімен механизм берілісімен жасалады, Vайналуы конустық z=39/39 және бұрамдық і=2/240 берілістер арқылы бұраманың шариктік сомынына 10˟1 көлденең қозғалыс берілісіне беріледі.

Ажарлау топайының тез орнатылып дайындамаға жылжуы Мэ1 электромагниттін жалғастырғыштың қосылуы барысында М3 гидроқозғалтқышынан орындалады. Бұл жағдайда z=35/35 тісті дөңгелектер және көрсетілген кинематикалық тізбек арқылы көлденең қозғалыс берілісінің 10˟1 бұрамасына гидроқозғатқышына қозғалыс береді.

Ажарлау топайының үздіксіз автоматты берілістері Мэ2 электромагниттік жалғастырғышының қосылуы барысында і=1/50 бұрамдық беріліс,Мэ1 жалғастырғыш және ары қарай көрсетілген кинематикалық тізбек арқылы көлденең қозғалыс берілісінің 10˟1 ұрамасына М4 гидроқозғалтқышынан жасалады. Осымен бірге қозғалыс Л лимбі бар М˟1тегершігінен болады.

Ажарлау топайының периодты автоматты қозғалыс берілісін Мэ2 электромагниттік жалғастырғыш қосады.

Ажарлау дөңгелегін түзеу барысындағы қозғалыс тегіс немесе сатылы көшірме бойынша бір немесе екі өтпе түзетуін қамтамасыз етеді.



Б түзету құрылғысының бойлық жылжуы Ц2 гидроцилиндірінен жасалады. Алмазы бар П сүйеу төлкесінің көлденең қозғалыс берілісі түзету тереғдігіне жасалады: қолмен - z= 22/22 конустық дөңгелектер және z=27/27 цилиндірлік арқылы Рк тұтқасынан және ары қарай сүйеу төлкесінің 2 ˟1 бұрамасына беріледі; автоматты – Ц1 гидравликалық цилиндірден ,(А –А қимасын қарау)z=200 ілікті дөңгелекпен ілініп орналасқан иті бар тығынжыл арқылы немесе ары қарай сүйеу төлкенің 2 ˟1 бұрамасына.

Түзету дөңгелегінің автоматты құрылғысы ажарлау топайында 1 бекітіледі. Көшіру жүйесі берілген пішін бойынша дөңгелектің сыртқы бетінен түзетуді қамтамасыз етеді. Бұл құрылғыны қосу өңделген дайындамаларының реле есебінің автоматты түрде қосылуынан немесе қолмен батырманы басып.

Сурет 7.4. Дөңгелек ажарлау білдегінің ажарлау топайы:



1 – тұрқы; 2 – сырғанау мойынтірегі; 3 – қақпақ; 4 – тегершік; 5 – сынақайысты беріліс; 6 – ырғақ бағыты; 7 – тұғыр; 8 – кідіртпе сомын; 9 – сомын; 10 және 12 – сақина; 11 – құрсама; 13 – ажарлау доңгелегі; 14 – айналдырық.

7.5 – сурет. Ажарлау шеңберінің автоматты түрде түзетулерінің құрылғысы:

1 – жарлау топайы; 2 – роликті бағыттауыштар; 3 – керімше; 4 – тығынжыл; 5 және 7 – цилиндрлі тісті дөңгелек жұбы; 6 – ілікті дөңгелек; 8 –шығыршықты бағыттауыш теңселістер;9 және 12 – жарты сомындар;10 – серіппе; 12 – жүрісті бұрама; 13 – құралкүймешік; 14 – білік; 15 – көшіргіш; 16,17 – бұрамалар;18 – сүйеутөлке,19 – алмасуұстағыш; 20 – гидроцилиндр соташығы; Мх - тегершік;

Саташық қозғалысының жылдамдығы сатысыз кедергішпен реттеледі. Күймешеге 3 сүйеутөлкемен 18 құралкүймешікті 3 әкелетін және оған алмаспен алмасұстағыш 19 орнатылған бағыттауыштар бұралған. Күймеше серіппе әрекетімен көшіргішке қысылады. Көшіргіш 16 және 17 бұрамалар көмегімен дәл қойылуы мүмкін. Сүйеутөлкенің 18 құралкүймешікте жылжуы білік және 7 және 5 тісті дөңгелектер жұбы арқылы Мх тегершіктен периодты түрде гидравликалық тығынжылдың 4 қапшықмен бұралатын ілікті дөңгелектен 6 айналыс алатын жүріс бұрамасымен жүзеге асырылады. Жүріс бұрамасы 12 мен 9 және 11 жартысомындар арасындағы бұрандамадағы саңылауды жою серіппемен 10 жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет