Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


жазық ажарлау білдегінің құрылысы



бет28/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

7.2. жазық ажарлау білдегінің құрылысы

Дайындамалардың жазық бетін дөңгелектің шетімен немесе оның бүйірімен ажарлау жасалады. Дөңгелек және тік бұрышты үстелдері бар жазық ажарлау білдектері болады. Оның дөңгелек ажарлау айналдырығы горизонтальды және вертикальді орналаса алады. Бірлікті, ұсақ сериялы және орта сериялы шығару өңдірістерінде тік бұрышты үстелі бар және айналдырығы горизонталь орналасқан жазық ажарлау білдектерін қолданады. Жаппай шығару өндірістерінде дөңгелек үстелі бар білдектер, және де айналдырығы горизонтальді және вертикальді орналасқан екі жақты бүйір ажарлаубілдектері үлкен қолданысқа ие.

Жалпыға арналған тікбұрышты үстелі бар жазықажарлау білдегін қарастырамыз. Білдектің 1(cурет- 7.1, а ) тұғырығындағы бағыттаушыларында үстел 5 бекітілген, ол тұғырда орналасқан гидроцилиндірден қарама – қарсы бағытта жылжу жасайды. Үстелде бекітілген магниттік тақтаның 12 көмегімен дайындамаларды бекіту жүргізіледі. Тұғырда тіреуіш 9 орналасқан, ол қаптамамен жабылған, ажарлау топайын 10 горизонталь орналасқан дөңгелек ажарлау айналдырығымен 11қосып тіреп тұрады. Тұғырда орналасқан беріліс механизмдерінен ажарлау топайына бойлық қозғалыс берілісін (үстелдің әр екілік жүрісінен кейін) және вертикаль қозғалыс берілісін (өңделген дайындаманың бетінен әр жүріс сайын алынған әдібінен кейін) хабарланады.

Ажарлау топайында орнатылған электрқозғалтқыштың көмегімен айналдырық айналады. Беріліс механизмдерінің жұмысы гидроцилиндрден жүзеге асады, гидростанциядан 13 гидроцилиндірге май келеді, ол аспап бетімен 2 басқарылады. Үстелдің қолмен жылжитын бекітулері (бойлық бағытта) тегершіктің 3 көмегімен, ал ажарлау топайының (вертикаль бағытта) бекітулері 8 – тегершіктің көмегімен жүзеге асырылады. Білдектің қосып өшірілуі басқару тізбе сандықшаның 4 көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыс барысында магниттік тақтаны өңделіп жатқан дайындаманы бірге қаптамамен қаптайды 6. МСС сорғыштың 14 көмегімен бактан келеді.



7.2 суретте әмбебап жазықажарлау білдегінің кинематикалық сұлбасы көрсетілген. 7 – ші және 8 – ші тегершіктермен қайысты берілістер арқылы М 1 электр – қозғалтқышынан ажарлау дөңгелегінің айналуы басты қозғалыс болады. Айналдырықтың айналу жиілігі тұрақты. Ажарлау бастиегінің түсірілуі немесе көтерілуі бұрамдық дөңгелекпен 3 қатаң қосылған сомын 5 және бұрамамен 6 бұрамалық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Тістегершіктің 4 айналуы : жылдам жылжу барысында М 2 электрқозғалтқышынан цилиндрлік беріліс арқылы 1 – ші және 2 – ші тісті дөңгелектерге; автоматты вертикаль беріліс барысында – үстелдің бойлық немесе көлденең кері бағыты жұмыс істеу моментінде қалақты сорғыштан қапшық 24 – ші және 20 – шы дөңгелектер арқылы тістегершікке 4. Үстелдің екілік жүрісіне вертикальды берілістің шегі S=0,002…0,05. Қырылдақ дөңгелектің 23 бір тіске бұрылуы 0,002 мм төменгі шекке сәйкес келеді. Үстелдің бойлық жылжуы 14,15,13 және 11 тісті дөңгелектер және төрткілдеш 12 арқылы тегершіктің көмегімен жүзеге асырылады. Тегершіктің бір рет айналуы үстелдің 18,1 мм жылжуына тең. Нормальды жағдайдағы үстелдің қолмен бойлық жылжитын механизмін ажырату дөңгелекті 11 іліністен әкетіп және микроауыстырыпқосқышты қосып жасауға болады, ол үстелдің механикалық жылуын қосуға мүмкіндік береді. Айқыш құралкүймешікте бекітілген бұрама 9 мен сомын 10 үстелдің бойлық берілісін береді: автоматты режімінде – 26,27,16 және 17 тісті дөңгелектер арқылы М3 электроқозғалтқышынан; қол режімінде – 17,16 дөңгелектер арқылы тегершіктен. Жұқа бойлық берілісті 18 және 19 конусты дөңгелектер, жалғастырғыш 25 және 17,16 тісті дөңгелектер арқылы батырманы басып жүзеге асырылады.

7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы көрінісі:



а- горизонтальды айналдырығы және тікбұрышты үстелі бар жазық ажарлау білдегі: 1 – тұғыр;2 – басқару аспап беті; 3 – үстелдің қолмен жылжытатын сермері; 4 – басқару тізбе сандықшасы;5 – үстел; 6,7 – қаптама; 8 – тегершік; 9 – тіреуіш; 10 – ажарлау топайы; 11 – ажарлау дөңгелегі; 12 – магниттик тақта; 13 – гидростанция; 14 – МСС беріліс сорғышы; б – дөңгелек ажарлау: 1 – электршкаф; 2 – алдыңғы топай; 3 – МСС беру тұтқасы; 4 – сүйеуіш; 5 – дөңгелектің автоматты түзеу механизмі; 6 – берілістің бойлық қозғалыс беретін тегершік; 7 – ажарлау топайы; 8 – бойлық берілістер механизмі; 9 – басқару тізбе сандықшасы; 10 – гидростанция; 11 – топай сүйеу төлкесін қолмен қысу тұтқасы; 12 – артқы топай; 13 – ажарлау топайын әкеліп әкету тұтқасы; 14 – гидробасқару аспап беті; 15 – артқы топай сүйеу төлкесін гидравликалық әкету басқышы; 16 – ось; 17 – сермер; 18 – тұғыр; 19 – жоғарғы үстел; 20 - төменгі үстел; в – ішкі ажарлау: 1 – тұғыр; 2 – қаптама; 3 – қалқандар; 4 – бұйымның бойлық беріліс механизмі; 5 – қозғалмалы тақта; 6 – бұйым топайы; 7 – бұйымның қолмен бойлық беріліс тегершігі; 8 – дайындама; 9 – бүйір жағын ажарлауға арналған дөғгелек; 10 – бүйір жағын ажарлауға арналған дөңгелектің жылжу ттқасы; 11 – ішкі өңдеуге арналған ажарлау дөңгелегі; 12 – бүйір жағын ажарлауға арналған тұрқының құрылысы; 13 – ажарлау құралкүймешігінің бойлық жылжу тұтқасы; 14 – айналу дөңгелегінің құралкүймешігі; 15 – білдекті басқару тізбе сандықшасы; 16 – тіреуіш; 17 – білдек үстелі; 18 – тұтқасы; 20 – үстелдің бойлық жылжу тірегі.

Сурет 7.2. Горизонтальді айналдырығы бар жазықажарлау білдегінің кинематикалық сұлбасы.

1,2 – тісті дөңгелектер; 3 – бұрандық дөңгелектер; 4 – тістегершік; 5,10 – сомын; 6,9 – бұрамалар; 7,8 – тегершіктер; 11 ,27 – тісті дөңгелектер; 12 – қапшық; 25 – жалғастырғыш; М1,М2,М3, - электрқозғалтқыштар; Dr –кес уқозғалысының бағыты.

Егер ажарлау дөңгелегінің биіктігі дайындаманың енінен үлкен болып кетсе, онда бойлық қозғалыс берілісі болмайды.

Ажарлау білдектерінің кинематикасын ортадөңгелек ажарлау білдектер туралы мысалында кеңінен танысамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет