7.7. Ажарлау білдектерінде жұмыс жасау қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
Ажарлау білдектерінде жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік талаптары негізінен морт қажақты құралдарды қолдануға жән ежоғары кесу жылдамдығына байланысты өседі.
Ажарлағыштың қауіпсіз жұмысы үшін қажет:
Ажарлау шеңберлерін сақтау кезінде олардың сулануын және сызаттың пайда болуын болдырмау керек.
Айналмалы үстелді ажарлау шеңберімен білдекке орнату алдында шеңбердің сенімді бекітілгеніне, сонымен қатар онда сызаттардың болмауына көз жеткізу керек.Білдекте шеңбердің сулануы теңгермеліксіздікке әкеледі. Шеңбер бекітілуі өте сенімді және дұрыс пішіннен ауытқуды және температуралы дефформацияны теңелтетін бүйір төсемшелер мен жүзеге асырылуы керек. Бұрандалы элементтер мұқият кідірлену керек, ол шеңбердің айналу бағытын олардың бұрандаларының бағытынтаңдау кезінде есепке алу керек.
Шеңбер қаптамамен сенімді жабылуы керек, әсіресе 60 м/сжәне оданда көп шеңбер жылдамдығымен жұмыс жасау үшін тағайындалған білдекте.
Дірілдің пайда болу кезінде білдекті міндетті түрде тоқтату керек. Білдектің қосылуы дірілдің жойылуы кезінде ғана жүзеге асырылады. Керамиклық байланыстағы ажарлау шеңберлері үшін қатаң түрде МСС – ң айналмайтын шеңберге түспеуін қадағалау керек.
СББ білдектер
Достарыңызбен бөлісу: |