Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет43/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
11 билет
Мектептегі химия курсын құру принциптері. Оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында химияны оқытуда спиральдік принципі. Оқу материалының заманауи ғылым деңгейіне сәйкестік принципі. Теориялар мен фактілердің арақатынасы.
Химия курсының мазмұны химия ғылымы дидактикалық талдау арқылы мынандай принціптерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

  • · Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.

  • · Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.

  • · Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады. Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

  • · Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мү_ғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

  • · Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.

  • · Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бүл -оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енгізілуін, ал химия онеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен откен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан ондіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.Соз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алган теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.

Спиральды принципті жүзеге асыруда не болады? Тақырыптар әр семестрде мектеп бағдарламасында әр сыныпта тереңдете оқытылады, қайта қаралады; оқушылар тақырыпты әр түрлі деңгейде қайта оқиды, ал әрбір келесі деңгей алдыңғы деңгейге қарағанда күрделі және кеңірек. Дәлел ретінде жаратылыстану пәнінің оқу бағдарламасынан мысал келтіремін. 5-6 сыныпта өткен су тақырыптары 8-9 сыныптарда судың кермектілігі, судың экологиялық ластану, лас судың құрамы және хияндылығы тақырыптары тереңдітіледі. Сол сияқты 8 сыныптағы тұздар жіктелуі, аталуын қарасытрса, 9 сыныпта тұздар гидролизін тереңірек қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет