Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Көрнекілік принципі және оның химияны оқытудағы іске асырылуы. «Жүйелілік» және «жүйелеу» түсініктері. Теорияның практикамен байланыс принципі. Дамыта оқыту принципі



бет38/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Көрнекілік принципі және оның химияны оқытудағы іске асырылуы. «Жүйелілік» және «жүйелеу» түсініктері. Теорияның практикамен байланыс принципі. Дамыта оқыту принципі.
Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде. дидактиканың алтын ережесi деп «Ұлы дидактика»және «Суреттегі сезімдік заттар әлемі»атты кітабында қарастырған. К.Д.Ушинский көрнекілік мәселесіне көп көңіл бөлген. Көрнекілікті балалар барлық сезім организммен қабылдап түсінеді, психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, дүниетанымын көрнекiлiк арқылы жүзеге асырады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды . Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды. Көрнекiлiк принципi арқылы оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету, қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдайды. Көрнекілік принцп химияны оқытуда әртүрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелер /химиялық элементтер таблицасы/ және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, аппликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, және т.б.қолануына негізделген.Көпшілік жағдайда окушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне сүйене отырып, заттарды бірінен-бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялык эксперементтің төрт түрін қолданады, бұлардың әрқайсысының өзінше методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар: 1) Көрсетілім (демонстрациялық) тәжірибелер 2) Зертханалық тәжірибелер
3)Сарамандық сабақтар 4)Аралас типті сынақ тәжірибелер(сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу). Жүйелілік /бірізділік/ жүйелеу принціпінің ғылыми ережесі: мұғалімнің оқу материалын ұсынуы оқушылардың санасындағы жүйелілік деңгейіне жеткізілуін болжайды, осылайша білім оқушыларға белгілі бір ретпен ғана емес, олардың өзара байланысты болуын қамтамасыз етеді. Шарттары:• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру Мысалы: Мектеп бағдарламасында әр түрлі пәндерді қатар оқыған кезде пәнаралық байланыстар болады, олар оқу процесінде маңызды шарттарының бірі.Химия –биология, химия-математика, мысалы химия-географиядан пайдалы кен қазбалары т.б. Теорияның практикамен байланыс принципі -тәжірибе таным көзі деген ережесі.Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
• мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; • Өлкетіну мәліметтерін қолдану; балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастармен тікелей таныстыру;• оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану;• мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау;• оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру; Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В Давыдов ұсынған.Принціп оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
• теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының оқу қызметі. Жасөспірім студенттерге олардың танымдық қызығушылықтары мен зерттеу әрекеттерін белсендіретін пән бойынша сабақ жоспарын жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет