Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет9/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
2) Оқыту құралдары: кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады ( дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм)
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.
Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші.
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады.
ды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет