Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Проблемалық оқытудың мәні. Қазіргі мектепте проблемалық оқыту идеяларын қолдану. Сабақта (мамандық бойынша) проблемалық жағдайларды жасауға мысалдар келтіріңіз



бет11/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Мамандық бойынша - 25 шпор толық нұсұа

Проблемалық оқытудың мәні. Қазіргі мектепте проблемалық оқыту идеяларын қолдану. Сабақта (мамандық бойынша) проблемалық жағдайларды жасауға мысалдар келтіріңіз.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.


Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.
2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті
белседілігін қалыптастыру.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.Проблемалық жағдайдың жаңа элементтері қызығушылық тудыру керек және оны шешуде оқушылардың ой – әрекеті мобильді болу керек. Бастағы бар білім мен байқалған жаңа құбылыс арасында қайшылық туған жағдайда ғана проблемалық жағдай (бастағы бар білім) туындауы мүмкін. Мысалы: Негіздердің қасиеттерінің бірі – олардың қышқылдармен әрекеттесуі. Ал NaOH пен Al(OH)3 өзара әрекеттесуі түсініксіз жағдай тудырады. Бастағы бар білім мен оны қолдану кезінде пайда болған кездейсоқтықтар. Мысалы: негіздер мен тұздар әрекеттескен кезде реакция нәтижесінде тұнба түзетіндігін білді. Ал аммоний тұздарының ерітінділері сілтілермен әрекеттескенде жүретін реакция оқушыларға проблемалық жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет