Байланысты: Мамандық бойынша - 25 шпор толық нұсұа
Билет №5 Химия білімінің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, химияны оқытудағы жалпы білім берудің міндеттері.
Химия - бұл эксперименталды ғылым. Сондықтан оқыту химиялық экспериментке білімнің шоғырлануы мен бақылаудың құралы ретінде білімнің, гипотезаларды ілгерілетудің және тексерудің қайнар көзі ретінде негізделген. Сонымен бірге, мұғалім оқушының көңілінен шығатын тәжірибелік жұмыс оңай емес екеніне, қайта-қайта жаңа нәрсені білуге деген құштарлығына көз жеткізуі керек. Қазіргі таңда 500-ден астам педагогикалық технологиялар бар. Алайда, осы технологиялардың барлығын химия пәнін оқытуда қолдануға мүмкін емес. Химияны оқытуда жалпы білім беру міндеттері: заттар және олардың өзгеруі жөнінде маңызды деректерді оқыту, химиялық ұғымдарды түсіндіру, химия теориясы мен заңдарының мәнін ашып түсіндіру. Политехникалық білім міндеттері: химия өндірісінің ғылыми негізін оқу. Химияның өмірмен байланысын танып білу, халық шаруашылығын химияландыру мәселелері, қоршаған ортаны қорғау, оқушыларды кәсіби бағдарлау және еңбекке баулу. Оқушылардың оқу іс-әрекетін дамыту міндеттері: химиялық білім, білік және дағды қалыптастыру. Оқушылардың өз беттілігін және танымын, оқуға ынтасын қалыптастыру. Білім және тәрбие берумен бірге химияны оқытудың бір аса міндеті –оқушылардың ақыл−ойын дамыту.Педагогикалық теориялардың тұрғысынан қарағанда дамыту оқыту деңгейінің және қарқынының көтеріңкі болуына, соларға сәйкес оқушылардың таным әрекетінің белсенділігіне тәуелді болады.Мұның мәнісі− оқушылардың білім алудағы «ең таяу биігі» көрініп тұруы, оған жету жолында бойына біткен қабілеті мен күш−жігерін аямай, еңбек істеуі тиіс деген сөз. Психологиялық жағынан алғанда дамыту білімді игеру мен жаңғырту, таныс және жаңа жағдайда қолдана білу, логикалық ойлануды қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың ақыл−ойы білім мен білікті білікті игеру барысында дамиды.Жеке кластар бойынша теориялық және деректі материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шығарудан қалыптасатын білім мен біліктердің тізбегі мемлекеттік бағдарламада көрсетілген. Оқушылардың ой−өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымына, іске жарата білуінен айқын көрінеді.Мұның үш деңгейі бар.Бірінші деңгейі− алған білімді еске түсіріп жаңғырту.Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында ұстай білуінен аңғарылады.Екінші деңгейі−алған білімді оның қалыптасуына ұқсас жағдайда қолдана білу.Мұнда білімді қайта жаңғырта отырып, тасымалдау және іске жарату жүзеге асады.Үшінші деңгейі− алған білімді бұрын кездеспеген жаңа жағдайда қолдана білу.Бұл жаңа жағдайды бұрынғымен жақындастыратын, байланыстарды ашатын, ойлау тәсілдерін жүзеге асыруды қажет етеді.