3. Экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізудің әдістемесі, ерекшелігі. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі.Экологиялық тәрбиенің мәселелері Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену,биологиялық алуан түрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық мәселелер туындайды. Жылдан-жылға, уақыт озып технологияның даму шыңына жетіп,адамзат дәуірі өрлеп-өскен сайын табиғатқа адамның тигізер зардабы да артып келе жаыр. Алайда біз осы мәселелерді шешу мақсатында экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізу маңызды. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие – мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Табиғатқа деген сүйіспеншілік, оны құрметтеу бірден келе бермейді. Бұл оқушыларды табиғатты қорғау ісіне жан-жақты қатысуға (мектепте және үйде жабық өсімдіктерді көбейту және өсіру) сабақта, сабақтан және сабақтан тыс жұмыстарда табиғатты зерттеудегі мақсатты ұзақ мерзімді жұмыстың нәтижесі, мектептегі тәжірибелік учаскеде жұмыс, құстарға жем дайындау және т.б.) жүйелік-белсенділік тәсілін қолдану.
Билет № 11 1. Әдебиеттік оқу пәнінде қолданылатын көрнекі құралдар
2. "Жаратылыстану" мектеп курсының мазмұны мен құрылысын таңдау принциптері
3. Табиғатты зерттеу бойынша экскурсия, оны өткізу әдістемесі.
1. Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.
Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.
Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын – жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.
Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.
Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты – ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.
Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.
Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар, дыбыстық техникалық құралдар.
Экрандық техникалық құралдар. Бұған: киноаппарат, эпидиаскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, «Протоп», «Свитязь», «Фильмоскоп» т.б. жатады. Бұлар шағын көрнекі материалдарды (суреттерді, кесте) экранға түсіріп, сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.
Иллюстрациялық кестені қолдануда көркем өнердің, көркем шығармалардың туындыларын салыстыра талдап түсіндіруге, олардың өзара жақындығын, өнер туындысы ретіндегі өзіндік даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, бірлігін көрсету, байқату көзделеді.
Диапозитив – экрандық техникалық құрал. Диапозитив арқылы сериялы материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға бөліп береді.
Диафильм. Диафильм жазушы өмірін, жеке шығарманың мазмұнын ашып беруге арналған. Диафильмнің ерекшелігі – көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтап, қимыл үстінде көрсетеді.
Кинофильм мен теледидар. Оқушы өзі оқыған шығармаларын кинофильм арқылы көрсе, білімнің берік болуына мүмкіндік туады. Сол мүмкіндікті теледидар жүзеге асырып отыр.
Дыбыстық техникалық құралдар. Дыбыстық құралдар оқу үрдісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, талдауға мүмкіндік жасайды.
Радиохабарлар. Радиохабарлар көркем сөзді оқу арқылы, оқушыға талданып берілетін жаңа мәлімет. Тыңдау арқылы танымдық қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып, шығарманың мазмұндау дәрежесінің эмоционалдық қатысын арттырады.
Күйтабақтағы жазба. Күйтабақты мұғалім сабақ үрдісінің ең тиімді жерінде пайдаланады. Күйтабақты пайдалану сабақтың мақсатына, мұғалімнің жеткізбек идеясына, нені ойластыруына тікелей байланысты.
Магниттік жазба. Бұл магнитафон арқылы жүзеге асырылады. Сабақ мақсатына қарай мұғалім магнитафонға жазып алып, сабақтың түрі мен дидактикалық ұстанымына сай байланыстыра пайдаланады.
3 Экскурсия ұйымдастыру үшін, экскурсия жүргізушісі тақырыпты өңдейді, оның ерекшеліктерін нақтылайды, тақырыпқа байланысты материалдарды зерттейді.
Материалдарды зерттеу үшін экскурсия жүргізуші фотосуреттерден, сызбалардан, карталардан, схемалардан, сурет және репродукциядан тұратын «экскурсия жүргізушінің портфелі» деген папка дайындайды.
Экскурсияның әр түріне (қалалық, қала сыртындағы, өндірістік, мұражайлы, жаяу және автобустық саяхаттар үшін) сонымен қатар әр тақырыпқа әдістемелік кешендерді дайындайды.
Экскурсия тақырыбы, көбінесе біртұтас қосылған жақсы әңгіме және қатысу, объектіні көрсету. Әңгіме үшін шынайы дәлелдер және мәліметтерді дайындайды. Объектілерді дұрыс іріктеу, олардың саны, көрсетілімдердің тізбектілігі экскурсия сапасына елеулі әсер етеді.
Экскурсия маршрутын таңдау. Экскурсия объектілеріне туристердің қызығушылығын арттыру үшін экскурсия тақырыбының ерекше белгілерін жарықтандыру қажет.
Табиғатқа жасалынатын экскурсияның мазмұны табиғаттану, қоршаған айналаны сабақтарында мектепте оқыту және тәрбиелеу бағдарла - масымен айқындалған. Тақырып бойынша барлық экскурсияларды келесі топтарға біріктіруге болады:
а) жылдың әртүрлі уақытында тірі және жансыз табиғаттағы құбылыстарды бақылау, органикалық әлемнің алуан түрлілігімен танысу (табиғатқа маусымдық экскурсиялар);
б) жер бетінің нысандарымен, топонимикамен, өз жерінің пайдалы қазбаларымен танысу;
в) организмдердің тіршілік ету ортасына бейімделуін, табиғи қоғамдастықтардың әртүрлі түрлерін зерттеу, өз өлкесінің табиғи байлықтарымен және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныстыру бойынша экологиялық экскурсиялар;
г) мұражайларға, хайуанаттар паркіне, өндіріске және т. б. экскурсиялар.
Экскурсияның нәтижелілігі көбінесе оның құрылымы қаншалықты нақты жасалғанымен, әрбір кезеңді ұйымдастыру мен өткізудің мақсаты, әдістемесінің айқындылығымен анықталады.
Бірінші кезең – дайындық. Осы кезеңде тәрбиелеу – білім беру жұмысы балаларды ұйымдастыруға, олардың тәжірибесін анықтауға, олардың алдына алдағы бақылаудың мақсатын қоюға, эмоционалдық көңіл – күй құруға, қызығушылық тудыруға бағытталған. Дайындық жұмысы экскурсиядан бірнеше күн бұрын басталады, ал педагог тәрбиеленушілерге мінез – құлық ережелері туралы ескертеді.
Екінші кезең – балалардың танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыру. Оның нәтижелілігі тәрбиеші қолданатын тәрбие мен оқытудың әдістері мен тәсілдеріне байланысты.
Экскурсияның үшінші кезеңі – қорытынды. Ол балалар алған білімдерін тереңдетуге, жүйелендіруге және жинақтауға, олардың мүдделерін нығайтуға және одан әрі дамытуға, туған табиғатпен қарым–қатынастан алған әсерлерді игеру және өңдеу процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған экскурсиялық тәрбиелеу – білім беру жұмысын қамтиды.