Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


Билет № 9 1. Бастауыш сыныпта ертегілер мен аңыздарды оқыту



бет10/33
Дата03.07.2023
өлшемі466,42 Kb.
#103999
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Билет № 9
1. Бастауыш сыныпта ертегілер мен аңыздарды оқыту
Ертегі - бұл баланы таңғажайып оқиғалармен, өзгерістермен және кейіпкерлермен қызықтыратын сиқырлы және қызықты әлем. Мектепке дейінгі уақытта, мектептің алғашқы сатысы бастауыш буындабалалардың ойлау, есту, сөйлеу, көру, 
есте сақтау қабілеттерін дамытуда ертегілердің алатын орын ерекше. Балаларды тәрбиелеудегі ертегілердің рөлі зор. Біріншіден, ол баланың қиялын дамытады, армандауға үйретеді. Сондай-ақ баланың дұрыс сөйлеуін дамытады. Тәрбиелік жағынан қарастырсақ ертегі баланы жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйретеді.Осы орайда бастауыш мектеп бағдарламасында ертегілерді оқуға үлкен мән беріледі. 1-сыныптың «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарында, 2-сыныптағы «Әдебиеттік оқу» пәнінде түрлі ертегілер оқуға қарастырылған. Ол ертегілер: 1) жан-жануарлар туралы еретгілер, 2) қиял-ғажайып ертегілер, 3) тұрмыс салт ертегілері деп бөлінеді. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Ертегінің қадірі қанша?, -деп сұрағанда керегіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ . Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге керегі бар нәрсе, Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3.Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан керек болуымен керегі бар нәрсе»- деп, ертегінің баға жетпес маңызын айырықша айтады. 
Оқушыларға ең тиімдісі ертегіні сахналап көрсету.
Сахналау ертегі кейіпкерінің жағымды немесе жағымсыз образ екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сахналау кезінде кейіпкердің дауысын салып сөйлеу арқылы оқушылар дауыстың, интонацияның көмегімен қорқыныш, таңғалу, қуаныш , қайғыру сияқты эмоцияларды көрсете білуге дағдыланады.Кейін оқылым кезінде де осы эмоцияны беруге тырысады. Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау, сахналау арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамиды. Ертегі арқылы балалар қайсарлыққа, мейрімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, жақсылық жасауға үйренеді
Бастауыш сынып баласы өте әсершіл келеді. Ертегіде кейіпкермен бірге қайғырады, бірге қуанады.Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктеп өседі. Өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығаруға тырысады. Оқулықта кейбір ертегілердің бастапқы бөлігі ғана беріледі, яғни ертегі аяқталмай қалдырылады. Аталған тапсырмалар түрі баланың қиялын, айтылым дағдысын , сөйлеу тілін, шығармашылығын дамыту мақсатымен беріледі. Осы сияқты «Ертегіні өз қиялыңмен аяқта», «Ары қарай не болуы мүмкін?», «Ертегіге өзің тағы қандай кейіпкер қосар едің, оқиғаны ары қарай өрбітіп көр» деген тапсырмаларды балалар қызыға орындайды.
Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі,қамқорлығы,халық намысын қорғауы,сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып,ұрпақтан қрпаққа жеткен.Олардың өмірлеріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіресе қиялдаукөп кездеспейді.Уақиға желісі күнделікті қарапайым өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құралады. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы,Жиренше шешен,Алдар көсе,Қожанасыр,Қорқыт,т.б-бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты,жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатираменг ажуалап сынау арқылы жас жеткіншектерді жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға мақсат тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет