Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


Билет № 10 1. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер



бет12/33
Дата03.07.2023
өлшемі466,42 Kb.
#103999
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Билет № 10


1. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер
. Әдебиеттік оқу пәнін оқытудағы ғылымилық принципі әдебиеттану ғылымының әдеби шығармалардың тууы, тақырыбы, идеясы, жоспарлары, образдары, композициясы мен сюжеті, тілі суреттеу тәсілдері жөніндегі тұжырымдамаларына сүйенеді.
Бұл тұста Ә.Қоңыратпаевтың әдебиет ....бір жағынан рухани мәдениет тарихы болса, екінші жағынан образдап ойлауға құрылған, сол үшін өз ерекшелігі бар құбылыс. Көркем шығарманың ішкі ерекшеліктеріне оның нақтылы тақырыбы мен идеясы, жанрлар мен образдары, типтендіру, қиялдау, композиция мен сюжеті, тілі, суреттеу тәсілдері сияқты белгілер жатады. Біздің мектептерімізде көркем шығарманың осы ішкі заңдары мен жұмыс істеу жеткіліксіз болып жүр деген пікірмен келіспеуге болмайды.
Себебі, әдебиеттік оқу сабақтарында шығармаларды оқытуда «Өлең немесе әңгімеде не туралы айтылыпты? Олар жөнінде не депті?» деген жалпы сөзуарлыққа жетелейтін тәсілден, шығарманы талдау орнына мазмұнын айтудан аса алмай, әдебиеттің сыр сипатын, болмыс бітімін анықтап, талдап түсіндіре алмай жүрген жайымыз бар. /З.Қабдолов/
Мұндай олқылықты болдырмаудың жолдарының бірі, біздің пікірімізше, оқушыларға бастауыш мектептен бастап, әдебиет теориясынан қарапайым түсінік беріп, шығармаларға талдау жасау және көркем сөз өнерін ауызша, жазбаша тілде қолдану дағдысына үйретуге мән берген жөн. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
2. Бастауыш сынып оқушысының жеке басының дамуындағы жаратылыстану білімінің маңызы.
Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады. Зерттеудің мақсаты: жаратылыстану пәнінің бастауыш сынып оқушылар үшін ерекшелігін, маңыздылығын көрсету.
-қоршаған әлемнінің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын:
-өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін:
-жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын күнделікті өмірде практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет