2 Қозғыш тіндерде биоэлектрлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық әдісі (К.Маттеучидің тәжірибесі). Маттеучи тәжірибесі. Қаңқа бұлшықеті жүйкенің ток күші әсерімен тітіркенуі (2-реттік тетанус). 1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшықет препараты бұлшықетінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшықетіне жүйкені салса да, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатынын, жиырылған бұлшықеттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «Ток әрекеті» деген атау алды.
Жумысқа қажетті құралдар: препараттауға арналған құрал-жабдықтар жинағы, лоток, стимулятор, электрод, әйнектен жасалған ілгіш, тығын пластинкасы, Рингер ерітіндісі және көлбақа.
Жұмыс барысы: Көлбақаны жансыздандырамыз да, екі артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын екі препараттағы шонданай жүйкесін әйнек іггіштің көмегімен тізе буынына дейін препараттайды. Сан сүйегі мен сан бұлшықеттерін түгелдей алып тастап, тек қана сирақ пен табанды қалдырамыз. Бір препарттағы жүйкені омыртқа кесіндісімен қалдырып, ал екіншісінде омыртқа кесіндісін алып тастайды. Екі аяқты да тығын пластикасының үстіне қоямыз. Бір жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін әйнек ілгіштің көмегімен электродқа қояды. Ал ол электродтар стимулятормен байланысты. Бұл препараттың бұлшықетіне ұзына бойы екінші препараттың жүйкесін орналастырады. Бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін ретмикалық тітіркенуге апарып соқтырады. Содан кейін аяқтардың титаникалық жиыруларын бақылайды.
Жұмыстың орындалу кезінде жүйкені препараттағанда өте сақ болу керек! Өйткені жұмыс барысында жүйке кеуіп қалуы мүмкін. Әрине тәжірибеден бұрын бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың бұлшықеттік жазықтығын фильтр қағазы көмегімен кептіру керек.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, қорытындыда ток әрекетінің туу себебін түсіндіріңіз.