2)Физиологияның зерттеу əдістері:
Бақылау əдістер- Физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда жəне əр түрлі əсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік əрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл əдетте, 2-3 үрдісті қамти алады. Тіркеу əдістер- Физиологиялық құбылыстарды механикалық жəне электрлік тəсілдермен жазып алады. Тітіркендіру əдістер- Тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық ( кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық(тұздар, қышқылдар, дəрілер), физикалық (дыбыс, сəуле, электр ағыны, температура, т.б.) түрткілердің əсерін қолданады. Электрофизиологиялық əдістер-Қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын жəне əртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары, т.б.) тіркегіш мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді. Өткір тəжірибе əдістер- Жануарларға вивисекция (тəнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тəсілдерін жасайды. Созылмалы əдістер- Жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл əдісті физиологияға алғаш енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтездік) тексеруге мүмкіндік жасады. Аспаптық əдістер- Физиологиялық зерттеулер нəтижесінде медицинаға əртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) жəне емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
6 билет
1) Көру анализаторы. Көздің жарық сындырылу (оптикалық) қабілеті. Торлы қабықтың фоторецепторлары.
Көру анализаторы дегеніміз- қоршаған ортадағы жарық пен түсті ажыратуға арналған талдағыштар. Оның қызметі нәтижесінде ағза айналаны бағдарлап, олардың бейнесін көре алады. Көру анализаторының негізгі қабылдаушы жүйесі- көз болып табылады. Сонымен қатар, көру жүйкесі мен мидағы орталықтан тұрады. Фоторецепторлар ішкі жəне сыртқы болып екі буыннан тұрады. Ішкі буынында көздің қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядролар мен митохондриялар орналасса, сыртқы пигметті буынында жарыққа сезімттал пигменттер орналасады. Көздің жарықты қабылдағыш рецепторлары көз алмасының торлы қабағанда орналасады. Жалпы, торлы қабықта 2 түрлі жарық сезгіш рецепторлар орналасқан, яғни таяқшалар мен сауытшалар. Торлы қабық- 10 қабаттан құралған құрылымы күрделі бөлім болып саналады. Оның тамырлы қабатпен жанасатын бөлімінде пигментті торшалар түзілген. Бұл торшалардың құрамында фусцин деген шағылысуға мүмкіндік бермейтін фермент болады. Пигментті торшалар түзілген қабаттың ішкі бөлімінде, сол қабатпен жанасатын өсінділер шығып, фоторецепторлық қызмет атқарушы торшалар қоршай орналасады. Сол торшалар көзге бірден қатты жарық түскен кезде, пигментті дəндер өсінділерге қарай ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды жарықтың əсерінен қорғайды. Торлы қабықтың келесі бөлімінде сауытшалар орналасады. Олар күндізгі көру аппараты болып келеді. Яғни, олар күшті жарық түскен сəтте ғана тітіркенеді. Ал, таяқшалар түнгі əлсіз, қарауытқан жарықтағы сəулелердің əсерінен тітіркенеді. Торлы қабықтың фоторецепторы болып табылатын сауытшалардың саны 9млнды құрап, қабықтың ортаңғы бөліінде орналасса, құтышалар шет жағында орналасып, 130 млн-ды құрайды. Көздің қасаң қабығы, шыны тəрізді денесі мен көзбұршағыоның негізгі жарық сындырушы жүйесі болып келеді. Олар жарықтың бəрін жинақтап, жарықтың толқындарын сындырушы қызмет атқарады. Жарықтың сыну көрсеткіші диоптрия деп аталатын өлшем арқылы сипатталады. Жарық сəулелері қарашық арқылы көздің жарық сындырушы жүйелеріне өтіп, фокуста жинақталып заттың нақты, кішірейтілген бейнесін қалыптастырады да оны торлы қабыққа түсіреді. Шыны тəрізді дене- көздегі ең жақсы жарық сындырғыш құрылым болып есептеледі. Яғни, шыны тəрізді денеде жарық сəулелері сынып, торлы қабықтағы фокустың үстінде жинақталады. Егер шыны тəрізді дененің жарықты сындыру қабілеті төмендесе, онда ол фокустан асып жинақталады. Ал, жоғарыласа, керісінше, фокусқа жетпей жинақталады. Бұл кездерде бейне бұлыңғырланып, анық емес болып көрінеді. Торл қабықтағы таяқшалар мен сауытшалар фокуста жинақталған сəулелердің əсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |