Билет №1 Қозғыш тіндер



бет5/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
ОНЖ зерттеу әдістері.

Реоэнцефалограмма
Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыс- тырмалы қарапайымдылығымен; қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді. Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.
Электроэнцефалограмма
Мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал электроэнцефолограмма. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді.

БИЛЕТ №4
1 Бұлшық ет жиырылу механизмдері. ӘП, МП фазалары.


Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. Көлденең жолақты бұлшықет жиырылуы және босаңсу механизмін білу үшін алдымен оның молекулярлық физиологиясына, яғни ет талшықтарының құрылымдық және әрекеттік ерекшелігін айтып өту тиіс. Әр ет талшығы бірнеше жүзден мыңға дейін жиырылтқыш элементтері бар – миофибрилладан тұрады. Еттің жиырылуына әрбір миофибриллада 1500-дей миозин және 3000-ға жуық актин жіпшелері болады. Оның жуан жіпшесі – миозин, ал жіңішкесі - актин болып табылады. Актин шиыршығында, ет талшығын жиырылтатын не босаңсытатын ақуызы – тропонин және тропомиозин болады. Миофибриллалардың құрылымдық әрі әрекеттік бірлігі– саркомер болып табылады, ол 2 Z-мембрананың аралығында жатады. Саркомердегі актин жәнеде миозин жіпшелері гексогеналды болып орналасады – 1 миозиннің айналасында алты актин жіпшесі болады. Миозин жіпшелері саркомердің ортасында орналасатындықтан, ол жер микроскопта күңгірт тілім, яғни анизотропты А-дискі, ретінде көрінеді. А-дискнің екі жағында ашыңқы тілімі, яғни изотропты I-дискі, болады, ол жерде тек қана актин жіпшелері орналасады. Миозин талшығы бойында көлденең өсінділері болады, олардың актин жіпшелермен әрекеттесуі ет жиырылуына келтіреді Миозин және актин жіпшелерін қатар ұстап тұратын көп мөлшерлі, молекулярлық салмағы жоғары және жіпше тәрізді ақуыз – тайтин болып саналады. Сонымен қатар тайтин молекуласы шашақты болуына байланысты, оның серпімділігі өте жоғары. Сондықтан саркомердің жиырылтқыш аппаратының қалыпты жағдайдағы жұмысы басталғанға дейін, тайтиннің серпімді молекуласы каркас тәрізді болып келген актин және миозин жіпшелерін бірге ұстап тұрады. Саркоплазма, әр еттің талшығында көп миофибриллалар өте жақын және қатар орналасады. Олардың арасындағы кеңістікте, құрамында көптеген магний, калий, фосфат және ферментке бай, жасуша аралық сұйықтық – саркоплазма бар. Сонымен бірге мұнда өте көп мөлшерде митохондрий болады. Олар миофибрилланың жиырылуына қажетті АТФ түрінде энергия бөледі. Миофибрилланы қоршаған саркоплазмада дамуы жетілген саркоплазмалық ретикулум бар, онда еттің жиырылуына өте қажет Ca2+ иондары болады. Бұлшық ет жиырылу механизмі. Қазіргі кезде бұлшықеттің жиырылу механизмі миофиламенттердің сырғанау теориясы бойынша түсіндіріледі. Бұлшықет жиырылуға келтіретін үдерістің бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Қозғалтқыш жүйке талшығымен ӘП оның соңына дейін жетеді де, түйіспе арқылы бұлшықет талшығына беріледі.
2.Әрбір жүйке соңында аз нейромедиатор – ацетилхолин бөлінеді.
3. Ацетилхолин ет мембранасы арқылы арнайы басқарылатын каналдармен өтіп оның ішіне енеді.
4. Басқарылатын каналдардың ашылған соң көп мөлшерде Na+ иондары ет мембранасына енеді де, ӘП-ның пайда болуына әкеледі.
5. Әрекет потенцилы бұлшықет мембранасының бойымен, жүйке талшығымен таралу сияқты, әрі қарай өтеді.
6. әрекет потенциалы бұлшықет мембранасын деполяризацияға келтіреді және қозу ет талшығының ортасымен өтеді. Бұл көп мөлшерде саркоплазмалық ретикулумнан Ca2+ иондарының шығуына әкеледі.
7. Миофибриллалар арасында Ca2+ иондары тропонин молекуласымен әрекеттеседі де оның пішінін өзгертеді және тропомиозинді ығыстырады. Соның нәтижесінде актин жіпшелері тропомиозин кедергісінен құтылады да, оның белсенді учаскелері ашылып, олармен миозиннің көлденең өсінділерінің бастары байланысады.
8. Бұл өсінділер актинге жабысып ондағы миозиннің ферменттік қасиетін күшейтеді. Ол үшін Mg2+ иондарының жеткілікті болуы да шарт. Сонымен қатар АТФ қышқылы ыдырай бастайды. Міне, осындай өзгерістердің нәтижесінде миозин өсінділері қайық ескектерінің қимылын жасап, актин жіпшесін миозин жіпшесінің ортасына бағыттап тартады. Яғни, миозин және актин жіпшелерінің бір-біріне сырғанауы – бұлшықеттің жиырылу үдерісінің негізі болып саналады.
9. Жиырылу біткеннен кейін Са2+ иондары кальций тартқышының (Ca2+ -АТФ-аза) көмегімен саркоплазмалық ретикулумге қайтарылады. Миофибрилладан Ca2+ иондарын әкету бұлшықеттің босаңсуына алып келеді.

Кез келген клетканың мембранасының сыртқы беті оң, ішкі беті теріс зарядталған болады, мембрананың екі бетіндегі зарядтарының айырмашылығы мембраналық потенциал деп аталады


Мембраналық потенциалдардың көрсеткіші тін қозған кезде 0-ге тең болады да, әрекет потенциалы пайда болады. Әрекет потенциалының пайда болуы – мембранаға Na+ және К+ иондарының өтуіне байланысты болады. Әрекет потенциалы 100-300мВ тең және ол бірнеше кезеңнен тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет