Билет №1 Қозғыш тіндер



бет39/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

2. Гаррис-Бенедикт

тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді.Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады. Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады.А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады.Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады. А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды. Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды.



32билет.

1. Қозғыштық параметрі

Тіндердің қозғыштық параметрлерiне тiтiркену (реобаза) табалдырығы, хронаксия, əсердің пайдалы уақыты, абсолюттi рефрактерлік, лабильділік, аккомодация жылдамдығы жатады. Рефрактерлік (қасарысу, қозбау) деп – тіндердегі пайда болған қозу кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеу процесін айтамыз. Рефрактерлік екі түрлі болады: абсолюттік (тітіркендіру күші қандай болса да жауап жоқ) салыстырмалы (тіннің қозғыштығы біртіндеп қалыпқа келе бастайды, сондықтан ол табалдырықтан жоғары күшке жауап береді). Абсолюттік рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса, ет талшықтарында – 4-5 мс, ал жүйке-ет байланысында (түйіспеде) 8-10 мс құрайды. Жүйке немесе бұлшықет тіндерінде қозу тудырытын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін қозу табалдырығы (реобаза) деп айтады. Қозу табалдырығының шамасы жүйке мен ет тіндері қозғыштығының өлшемі болып саналады. Сонымен күшіне байланысты табалдырықты, табылдырықтан төмен жəне табалдырықтан жоғары деп ажыратады. Əсердің пайдалы уақытына тоқталатын болсақ, тітіркендіргіштің əсері оның тек күшіне ғана емес, уақыт ұзақтығына да байланысты келеді. Ал тітіркендіргіш күші мен əсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж. Гооверг пен М.Вейсс сипаттап, оларды қисық сызық арқылы көрсеткен болатын. Оны "күш пен уақыт" сызығы деп атады. Көлденең сызықпен пайдалы уақытты, ал тік сызықпен реобаза көрсетілді. Егер тін неғұрлым қозғыш болса, пайдалы уақыты соғұрлым қысқа болады. Алайда, əсердің пайдалы уақыты басқа бір тіндерде өте ұзаққа созылуы мүмкін. Сол үшін "күш пен уақыт" заңдылығын негізге ала отырып, француздық ғалым Л.Лапик 1908 жылы хронаксия параметрін ұсынды. Хронаксия (грек тілінен "chronos- уақыт, axia-сан дегенді білдіреді)- бұл қозу тудыруы үшін тітіркендіргіш екі реобазаға тең күшпен əсер етуі керек болатын ең аз уақыт болып табылады. Бұл қозғыштық индикаторы электр тогының қоздырғышы ретінде қолданылған жағдайда да қолданылады. Жүйке жасушалары мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының хронаксиясы секундтың оннан бір бөлігін құрайды, ал тегіс бұлшықеттер он есе көп. Хронаксия қозғыштықтың индикаторы ретінде сау адамның қаңқа бұлшықеттері мен жүйке талшықтарының күйін жəне функционалдығын тексеру үшін қолданылады (атап айтқанда, спорттық медицинада). Хронаксияның анықтамасы бұлшықет пен нервтердің бірқатар ауруларын диагностикалау үшін өте маңызды, өйткені бұл жағдайда соңғысының қозғыштығы төмендейді жəне хронаксия жоғарылайды. Лабильділік – қозғыш тіндердің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті болып табылады. Алғашқы рет лабильділік туралы ұғымды физиологияға енгізген орыс ғалымы Н.Е.Введенский болған. Лабильділік деп əсер етуші тітіркендіру жиілігіне сəйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабильдігі сонша жоғары болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында – 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде – 100-125 Гц болады. Қозғыш тіндердің жауабы əсер ететін злектр тітіркендіргішінің күші мен жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын, белгілі бір шамаға дейін, бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) арта түседі, одан да жиі тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сəтте, ол тіпті жиырылмай қояды. Бұлшықеттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғары (максималды) тітіркендіргіш саны оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіру шамасы – пессимум – күйректік жиілік деп аталады. Аккомодация (латын тілінен аударғанда "бейімделу" дегенді білдіреді) - бұл тіннің күшіне қарай баяу өсетін тітіркендіргішке бейімделу процесі болып келеді. Аккомодация механизмі: күші баяу өсетін тітіркендіргіштің əсерінен натрий инактивациясы дамиды жəне нəтижесінде тітіркену табалдырығы үнемі артады. Аккомодация механикалық, жылу, электрлік жəне басқа тітіркендіргіштердің əсерінен дами алады. Аккомодацияны зерттеу үшін көбінесе сызықтық жəне экспоненциалды түрде өсетін электр токтары қолданылады. Қоздырғыш тіндердің (нервтердің, бұлшықеттердің) тітіркену шегінің мəні қоздырғыштың əсер ету ұзақтығына ғана емес, сонымен қатар оның күшінің өсу беріктігіне де байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет