Тежелуқозуға қарама-қарсы құбылыс. Тежелу құбылысын 1862 жылы И.М.Сеченов ашты. Ол туралы өзінің «Ми рефлекстері» деген еңбегінде жазды. Бақаның миын ашып, көру төмпешіктерінің үстіңгі деңгейінен кеседі де үлкен ми сыңарларын алып тастайды. Бұдан соң аз уақыт өткеннен кейін бақаның артқы аяғын әлсіз (0,3-0,5%) күкірт қышқылының ерітіндісіне батырып (Тюрк әдісі) рефлекс уақытын анықтайды (ерітіндіге батырылғаннан бастап аяқты одан тартып алғанға дейінгі уақыт). Енді көру төмпешіктерінің үстіне оларды аздап сорғыш қағазбен құрғатқан соң ас тұзынының кристалын қояды. Аздан кейін алдыңғы әдісіпен қайта рефлекс уақытын анықтағанда оның ұзарғындығы, ал кейде тіптен рефлекстің алынбайтыны байқалады. И.М.Сеченовтың тұжырымдауы бойынша, бақа миының таламуста жұлын рефлекстерін тежейтін нерв орталықтары бар. Сондықтан бұл құбылыс «Сеченовтік тежелу» деп аталады.
Ал Ф.Гольц өз тәжірбелерінде бақаның артқы аяғын қышқылдан кешіктіріп тартуын екі аяқтың бірін қышқылға батырып, екінші аяқты механикалық тітркендіргенде де (қатты қысумен) алған және жұлын рефлекстерінің мұндай тежелуін алу үшін ми бөлімдерінің қатысуы керек.
Содан Гольцтің есептеуінше, тежелу процесі орталық нерв жүйесінің кез келген бөлімінде әр түрлі рефлекстер тудыратын тітркендірулер кездескен жағдайда пайда болады. Сондықтан ми бағанында арнайы тежеуші орталықтар болмайды.
Тежелудің табиғатын басқа да көптеген ғалымдар зерттеді. Ч.Шеррингтон үлкен ми сыңарлары алынып тасталған мысық денесініңң қарама –қарсы жағындағы аяғын тізе буынынан жазатын еттің жиырылуын тудыратын нервтің орталық кесіндісін тітіркендіреді. Бұл рефлекстің әрекет соңы ұзақ. Міне осы кезде әлгі нервті қайталап тітіркендірсе алынған рефлекс тежеледі яғни ет босайды. Рефлекторлық тежелудің шамасы нерв орталығына түсетін қоздырғыш және тежегіш ттіркендірулер күштерінің өзара қатынасына байланысты болады: қайсысы басым болса сол екіншіге қарағанда айқын, анық эффект тудырады және керісінше, әлсіздері күшті процестің жүрісін де, бағытын да өқгерте алмайды.
Қазіргі кезде көпшіліктің мойындауы бойынша, тежелу процесінің нерв орталықтары жұмысында өзіндік дербес маңызы бар. Оны нерв орталықтарының шаршауына да, шамадан артық қозуына да, нерв клеткаларындағы катодтық депрессияға да жатқызуға немесе олар мен шатастыруға болмады. Тежелуді қозу тудыра алады және басқа қозуды тежелу басып әлсірете алады. Егер қозу таралатын және таралмайтын (локальдық) формаларда туатын болса, тежелу тек локальдық формада ғана болады. Сондықтан да тежелу ылғи да спецификалық тежеуші синапстарда байқалатын құбылыс. Бұл синапстарды тежеуші нейрондар түзеді. Жұлында мұндай нейрондарға аралық Реншоу клеткалары, ал мида (мишық қыртысында) Пуркинье клеткалары жатады.
Тежелудің түрлерін олардың пайда болу ерекшеліктеріне, туу механизмдерінде және оларды тудыратын процестердің жүретін орнына т.б. белгілеріне қарап ажыратады. Мысалы, тежелудің алғақы және соңғы, деполяризациялық және гиперполяризациялық, постсинапсық және пресинапстық, тура және қайтымды, реципрокты және аутогенді деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысы орталық нерв жүйесінде әртүрлі нақты жағдайларда пайда болады да, қозу процесімен күрделі өзара әрекеттесу барысында организм функцияларын үйлестіру процесінде аса үлкен роль атқарады.