Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері Сынып жетекшісі білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
Бала құқықтары туралы конвенцияны
Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін
Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын
Педагогикалық этиканы
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру
кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.
Оның бойында болуы тиіс:
кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.