Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет61/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы
. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерінің орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстетикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет