Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы


Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет2/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды.
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы:Психология, философия, физиология, мектеп гигиенасы т.б.


БИЛЕТ №2
.Педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент.
Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет