2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы)
Бағдрлама мақсаты: Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту.
Бағдрлама міндеттері: біріншіден, білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін белгілеу;
екіншіден, білім беру жүйесін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету;
үшіншіден, педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, яғни олардың мәртебесін арттыруға бағытталған мүмкіндіктерді қарастыру;
төртіншіден, білім беру мазмұнын жаңарту.
БИЛЕТ №20 Педагогикалық технология ұғымы, атқаратын қызметі. Педагогикалық технология түрлері. Білім беру жүйесін дамыту еліміз үшін басты бағыт болып саналады. Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарас қалыптасуда. Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес жаңа технологиялар көбеюде. Мақсаты-өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, өз бағыт бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.
Жалпы технология, педагогикалық технология ұғымдарына көптеген педагогтар, ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық технологияға 300-дей анықтама берілген. Сол анықтамаларды талдай келе, түсінгеніміз: “Технология” ежелгі, гректің тілінен “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos”-ілім, ғылым деген сөздерден шыққан. Педагогикалық технология дегеніміз-педагогтың білім, біліктілік, интеллектуалдық, кәсіптік әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынас процесі. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз- тұлғаны сапалы жетілдіруде қолданылатын білім мен әдіс-тәсілдер жүйесі.
«Технология» сөзі көптеген ұғымды білдіреді, олар:
Технология-белгілі бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс (В. Даль сөздігі).
Технология- белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданылатын өнер, біліктілік, әдіс – тәсілдер(В. М. Шепель).
Технология- белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс – тәсілдер жүйесі(Р. В. Овчарова).
Технология-адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі(Р. В. Овчарова).
Педагогикалық технология — оқыту процесін өткізудегі, ұйымдастырудағы, жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірлескен педагогикалық қызметінің барлық бүге-шігесі ойлас-тырылған үлгісі –моделі.
В.М.Монахов
Педагогикалық технология дегеніміз оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы. В.П.Беспалько
Педагогикалық технология дегеніміз жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесінің сипаттамасы. И.П.Волков
Педагогикалық технология -оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын психологиялық-педаго-гикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педагогикалық процесті ұйымдас-тырудың - әдістемелік құралы. Б.Т. Лихачев