Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы


Педагогикалық технологиялардың түрлері



бет43/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Педагогикалық технологиялардың түрлері
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили)

Ойын арқылы оқыту технологиясы

  • Мақсаты: дидактикалык, тәрбиелік, дамытушылык әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Проблемалық оқыту технологиясы

  • Мақсаты: оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Яғни, оқушының белсенділігін арттыру, оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу, оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (ШаталовВ.Ф.)

  • Мақсаты: білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан), оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау), үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту тірек қолдану, еркімен оқыту, ықпал, түзетуге, өсіруге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова)

  • Мақсаты: барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы, бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады, бірте-бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас, оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау, үй тапсырмасы әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі, білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет