Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет55/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
билеттер ПЕДАГОГИКА

Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.
Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына;
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді.


БИЛЕТ №28
Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері.
Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттің саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.
Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет