Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет56/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.
Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
• Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
• Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;
• Еңбек сабағы процесінде;
• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нәтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді.
Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьқтан барлық халық шаруашылығының тиімділігі оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.
Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік қүн, акция, бизнес нарық, ақша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.
Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын сақтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Еліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.
Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады.
Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздың негізгі түсініктері енгізіледі.
Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруды аяқтау керек, қоғам үшін, жиі үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де "өндіріс туралы негізгі мәліметтер", "қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері", "өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері" тақырыптары қамтылады.
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістер:
• Жаттықтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
• Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі.


БИЛЕТ №29
Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет