Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №3 Шет тілін оқытудың мазмұны



бет5/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Билет №3

  1. Шет тілін оқытудың мазмұны.

Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылшын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады. Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
1) лингвистикалық
2) психологиялық
3) әдістемелік
Лингвистикалық компонент.Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді. Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Әдістемелік компонент.Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
1. Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.
2. Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.
3. Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет