Билет №7 Шет тілін оқуға үйрету дағдысын қалыптастыру.
Оқу сөйлеу әрекетiнiң рецептивтi түрлерiне жатады. Себебi ол графикалық белгiлердi қабылдаудан түсiнуден тұрады. Оқу сөйлеу әрекетiнiң тыңдау жазу сияқты түрлерiмен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының шет тiлiн үйретудiң бастапқы кездегi алатын орны ерекше. Оқу мен сөйлеу тығыз байланысты
Ағылшын тiлiн үйретудегi ең қиын процестiң түрi оқушыны оқуға үйрету. Себебi ағылшын тiлiнде 26 әрiп 44 дыбыстық белгi бар.Егер ағылшын тiлi алфавитiн өз тiлiнiң алфавитiмен салыстырсақ ұқсас әрiптер К,М,Т, ал қалғандары F,G,H,J,R,S,W,Z әрiптерi мүлдем жоқ. Ал қалған әрiптер А,С,Н,О,Ф,У,Х екi тiлге де ортақ. Бiрақ оқылуы әртүрлi. Ағылшын тiлiнде оқытуда оқудың барлық ережесiне үйрету мүмкiн емес. Бiрақ мынадай оқу ережелерiн бiлу мiндеттi. 1. А әрібiнiң ашық және жабық буында оқылуы. Car, park 2. дифтонгтардың оқылуын бiлу. Мына дауыссыз дыбыстардың оқылуын бiлу. C, s, k, g. Оқудың екi түрi бар.1. Дауыстап оқу 2. Iштен оқу.
2.Дауыстап оқуға үйрету Дауыстап оқуға үйрету үшін мынадай әдістер қолданылады: дыбыстық, сөздік және сөйлемдік әдістер.Дыбыстық әдіс қолданылған кезде оқушы дыбыстарды және олардың графикалық символы әріптерді танып қолдануға үйретіледі.Сөздік әдісте сөз бірден енгізіледі. Бірнеше сөз үйретілгеннен кейін олар жәй сөйлемдерде беріледі. Ал, сөйлемдік әдісте оқу сөйлем арқылы жүзеге асады.Мұғалім бұнда дұрыс интонацияны да үйретеді. Осы әдістердің бірге қолданылуы жақсы оқуға негіз болады. Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.
3.Iштен оқуға үйрету Iштен оқуда негiзгi орын көруге, көздi пайдалануға берiледi. Олар тек фразаны, сөзді, сөйлемді оқып қоймайды. Iштен оқыған кезде лексикалық, грамматикалық және айту дағдылары дамытылады. Ішінен оқуға берілетін тапсырмалардың үлгілері:
Бастауыш класс оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:
1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу;
2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар;
3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқиды.
Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар үйымдастырады:
1. Қате оқыған сөздерді буынға оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды.
2. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
3. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
4. Қаламсап қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.