Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі


Ғалым-әдіскер Қ.Аймағамбетованың еңбектері



бет4/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Ғалым-әдіскер Қ.Аймағамбетованың еңбектері
Қазна Аймағамбетова (1937) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ.
Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін
және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жасау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету болды.Қ. Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2сыныпқа арналған«Табиғаттану» оқулығының авторы. Бұл оқулығы сол кездегі Одақтас республикалар бойынша ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында болып, 3 жыл бойы ВДНХ (Москва)көрмесінде тұрды. Осы жылдардан бастап «Табиғаттану», «Дүниетану», «Айналамен таныстыру», «Қоршаған орта» т.б. еңбектері қырық жылға тарта Қазақстан мектептерінің қолданысында жүр.Қ. Аймағамбетова 1970 жылы «Бастауыш сыныптарда Қазақстан тірі табиғатын оқыту» бағытындағы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысын аяқтап, кандидаттық диссертация 17 қорғап, ал 1997 жылы «Бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың теориялық және әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.2003-2004 оқу жылында Қ. Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буындарына арналған білім стандарты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көріп, мектептерде эксперименттік байқаудан өтуде.
2004 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монография
жазған.2005 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді.2006 жылы «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулық пен«Дүниетану негіздері жәнедүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» деген оқуқұралы баспадан шыққан.Қ. Аймағамбетқызының мектептегі білім беру мен сол мектепке маман дайындауды байланыстыра отырып, бастауыш сынып пен мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін сабақтастыра зерттеуі жоғарыдағы еңбектерінен байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет