Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі



бет7/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
(Ө) Рефлексивтік бағалау.
Дәптердегі сурет.


3. Бастауыш сыныпта қолданылаты карталардың түрлері, олармен жұмыс істеудің жолдарын түсіндір.
Бастауыш сыныпта оқушылар карталардың әр түрімен танысқанмен, олардың әрқайсысын жете меңгеруді тек сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Мысалы: жергілікті жердің сызбасы және туған қаланың карта-сызбасын оқу арқылы оқушыларда ұғымдарды қалыптастыру мақсаты көздейді.Кез-келген картаны қолданып, ол бойынша бағдар алу үшін ең алдымен картаның атауымен және оның нысандарымен таныстырылады. Берілген ғылыми ұғымдардың көлемі оқушылардың материалды оқып меңгеру барысында, географиялық атласпен және карталарымен жұмыс істеу нәтижесінде кеңейтіліп отырады. Оқушылар жергілікті жердің карта-сызбасымен жұмыс істеу барысында бір нүктеден екінші нүктеге дейінгі қолайлы және қысқа жолды табу маршруттың қажетті нүктесіне жету үшін көліктің қандай түрін қолдану керектігін таңдай білу сияқты логикалық ойындарды шешуге үйретіледі.
Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады.Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді.Кейбір нысандар кескін картада белгіленген (мысалы, мемлекеттердің шекаралары, ірі қалалар, өзен – көлдер) тек қажетті шартты белгілерді дұрыс тауып, оны қарындашпен белгілеп, жазу қажет. Мысалы, өзен – көлдерді оқығанда оқушылар кескін картада аталған өзен – көлдерді тауып, олардың аттарын жазады.
Егер аталған нысандар кескін картада белгіленбесе, оқушылар бірінші берілген мәліметтер негізінде олардың орналасқан жерін анықтап, содан кейін ғана шартты белгілермен түсіріп жазу қажет.
Билет № 9
1. Бастауыш сыныпта ертегілер мен аңыздарды оқыту
Ертегілерді оқуда мыналарды есте сақтау қажет:
1. Ертегіні оқу барысында «Бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ. Себебі балықтың, жан-жануардың сөйлемейтінін балалар өздері де біледі. Бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне бірде күліп, бірде қайғырып, бірде қуанып отырулары, оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйрету ертегілердің пайдасы мол.
3. Қара сөзбен берілген ертегі мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде мұғалім ертегіні оқымай-ақ, мазмұнын қызықты етіп айтып та береді. Ертегі баланы жоспар құруға үйрету үшін де қолайлы.
4. Жануар туралы ертегі оқығанда алдын-ала дайындықтың онша керегі де жоқ.
5. Кейбір ертегіні пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда орындатуға болады.
Қазақ ертегілері мазмұнына, оқиға желісіне, сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең бастылары:
А). Қиял-ғажайып ертегілері.
Ә). Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Б). Тұрмыс-салт ертегілері.
Қазақ халқының ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, əділеттікке, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, ерлікке, əдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тəрбиелейді. Əрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.
Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдылық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға мақсат тұтады. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. Кйіпкерлері: Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б.- бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет