Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі


Билет № 10 1. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер



бет9/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Билет № 10
1. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер
Әдеби шығармаларды оқытудың мазмұнын әдіс-тәсілдерін құралдарын және оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру, сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс әрекетін, жүйесін анықтауда дидактикалық принциптердің негізгі қағидалары мен әдістемелік ережелерді ескеру қажет болады.
Бастауыш мектепте әдебиетті оқытуда ескерілетін дидактикалық принциптер - ғылымилық, жүйелілік, көрнекілік, саналық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескерту принциптері.
Әдеби шығармаларды оқытуда белгіліден белгісіз, жеңілден қиын сияқты әдістемелік ережелер ескеріледі.
2. Бастауыш сынып оқушысының жеке басының дамуындағы жаратылыстану білімінің маңызы.
Жаратылыстану пәндерін оқыту барысында ғаламдық, ұлттық және өлкелiк ұстанымдардың бiр-бiрiмен ұштастырылуы маңызды рөл атқарады, ол тұлғаның қажеттiлiгi мен қызығушылығын қалыптастырып, оқушының жеке тәжiрибесiн, өзi тұрған аймақтың келелі мәселелерi туралы бiлiмдерiн, практикалық және зерттеу iс-әрекеттерiн қолдану iскерлiктерiн, оқуға деген ынталарын арттырады.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның танымдық қызығушылығын қалыптастыру – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі танымдық қызығушылығына тікелей байланысты. Танымдық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды. Жаратылыстану арнайы білім беру пәні ғана емес, сонымен қатар оқушының логикалық, шығармашылық, интеллектуалдық ойлау қабілеттерін шыңдай түсетін мықты құрал.
3. Экологиялық мазмұндағы сабақтарды өткізудің әдістемесі, ерекшелігі.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу кезінде төменгі сынып оқушыларының танымдық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін, ойындардың, оның ішінде ойын- сабақтардың үлкен маңызы бар. Ойын — қоғамдық мәдениеттің бөлігі ретінде, өзіне байыпты ғылыми, әдістемелік қатынасты талап етеді. Қазіргі уақытта ойынды төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың жетекші әдісі деп есептейтін, бүтін бағыт және педагогикалық ғылыми- ойындық педагогика пайда болды, сондықтанда ойын түрлеріне және оқыту тәсілдеріне сүйену – баланы оқу жұмыстарына қатыстырудың маңызды жолы болып саналады. Балалардың табиғат туралы алған білімдері және оларды ойынмен жүзеге асыруды игеру тәсілдері ойын- әрекеттерін төменгі сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесімен түйістіреді. Ойын – бұл қоршаған әлемді танудың белсенді тәсілі. Ойынның өте жоғары тәрбиелік мүмкіншіліктеріне қарамастан, мектептегі экологиялық тәрбие мен білім беру тәжірибесінде ол сирек пайдаланылады. Оған аз дегенде екі себеп бар. Ең бастысы – көптеген педагогтардың ойынға қатысу кезінде өзін балалармен тең ұстауға, мұғалім екендігін есінен шығарып ойындағы серіктес рөлін қабылдауға қабілетсіздігі. Екінші себебі – арнайы құрылған ойын сценарийінің және экологиялық мазмұндағы ойын-сабақтарының болмауы. Экологиялық тәрбие және білім беру заманауи тұжырымдамасында төменгі сынып оқушыларын оқытудың белсенді әдістері пайдаланылатын, экология бойынша ойын-сабақтарға баса мән берілген. Экология бойынша ойын- сабақтар төменгі сынып оқушыларының санасында барлық табиғат нысандарының өзара байланысы және пайдасы, өмірдің үздіксіздігі, оның күрделілігі, ерекшелігі, осалдығы жайлы экологиялық көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет