Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі


Жаратылыстану ғылымдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің әдіснамалық негіздері, оның басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері



бет8/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Жаратылыстану ғылымдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің әдіснамалық негіздері, оның басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.
Жаратылыстану әдістемесінің негізгі міндеттерінің бірі – жаратылыстанудың ғылым ретінде және жаратылыстану оқу пәні ретінде екеуінің арасындағы байланысты анықтау. Табиғат жөнінде мәліметтердің көлемі ғаламат үлкен. Соған байланысты әдістеменің міндеттері болып оқу пәнінің мазмұнын құратын оқу материалдарын ғылымилық және түсініктілік принциптерінде таңдау, оны топтастыру және талдау, материалды оқытудың кезектілігі мен жүйелілігін анықтау. Кең жаратысыстану материалдары ішінен мектепте оқытуға осы ғылымның негізін құратын ұғымдар ғана таңдалып алынған.
Ғылым негіздерін игертуде неғұрлым тиімді әдістер мен тәсілдердің нұсқауларын жасау әдістеменің маңызды міндеттерінің бірі. Ол мұғалімге ғылыми материалды оқушыға түсінікті етуді нұсқайды, жаратылыстану ұғымдарын қалыптастыру және дамытуға мүмкіндік береді, табиғат жөніндегі ғылымдардың пән ретінде негізін даярлайды.
3. Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғамтану және адамтану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту.
Табиғат:
тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;
табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;
ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;
термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;
Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т.б.
Адам:
адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;
өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;
жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;
“Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т.б. ажырата алуы;
табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;
ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т.б.
Қоғам:
отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;
жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т.б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;
жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т.б.) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқауы;
өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;
ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет