Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі


Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару



бет2/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару.
Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі ..
1Мұғалімнің басшылығымен бақылау.( Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған , ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек 1класта өткізіледі)
2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау .( Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы : жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі.)
3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау ( Мысалы : белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы . Көктемде, жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі .)
Зерттеу жұмысына байланысты бақылау .( Белгілі бір тақырыпта оқушының қызығушылықтарына сай бақылаулар жүргізу , зерттеу қорытындысында жобалар дайындау , оны қорғау) Бақылаудың бұл соңғы түрі қазір – жобалау әдісі деп аталып жүр.
3. «Дүниетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі» бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыс.
Қазіргі уақытта мектепте сыныптан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік түрде ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Мұның негізі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім деңгейі, олардың қызығушылықтары мен құмартуынан және таңдауынан туындайды. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне көп әсерін тигізеді, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Үйірме мүшелерінің басшылығымен түрлі орындарға экскурсия жасалынады, көптеген материалдар жинақталады. Ол жинақталған материалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер даярлайды. Үйірме сағатында жасалынған тәжірибе сынып алдында сабақта да көрсетіліп таныстырылады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістерімен жүргізіледі: әңгіме, әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс, бақылау, тәжірибе жүргізу т.с.с. әдістер жатады. Сыныптан тыс жұмыстар ұқыпты дайындықты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет